«Қостанай облысының 2010-2012 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы»
Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ: 1. «Қостанай облысының 2010-2012 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» мәслихаттың 2009 жылғы 20 желтоқсандағы № 243 шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3700 нөмірімен тіркелген, 2010 жылғы 7 қаңтарда «Қостанай таңы» және «Костанайские новости» газеттерінде жарияланған) мына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын: «1. Қостанай облысының 2010-2012 жылдарға арналған облыстық бюджеті тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2010 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін: 1) кірістер - 89268570,6 мың теңге, оның ішінде: салықтық түсімдер бойынша- 2939796,0 мың теңге; салықтық емес түсімдер бойынша - 32010,6 мың теңге; трансферттер түсімдері бойынша- 86296764,0 мың теңге; 2) шығындар - 88797716,6 мың теңге; 3) таза бюджеттік кредиттеу - 854741,0 мың теңге, оның ішінде: бюджеттік кредиттер - 1269185,0 мың теңге; бюджеттік кредиттерді өтеу - 414444,0 мың теңге; 4) қаржы активтерімен операциялар сальдо - 497328,0 мың теңге, оның ішінде: қаржы активтерін сатып алу - 497328,0 мың теңге; 5) бюджет тапшылығы - -881215,0 мың теңге; 6) бюджет тапшылығын қаржыландыру - 881215,0 мың теңге.»; көрсетілген шешім мынадай мазмұндағы 6-1 тармағымен толықтырылсын: «6-1. 2010 жылға арналған облыстық бюджетте мынадай мөлшерлерде нысаналы трансферттерді қайтару қарастырылғаны ескерілсін: республикалық бюджетке 37598,0 мың теңге сомасында, оның ішінде облыстық бюджеттен 32030,0 мың теңге сомасында және аудандар мен қалалар бюджеттерінен 5568,0 мың теңге сомасында; аудандар мен қалалар бюджеттерінен облыстық бюджетке 4659,0 мың теңге сомасында. Аудандар мен қалалар бюджеттерінен нысаналы трансферттерді қайтарудың көрсетілген сомаларының облыстық бюджетке түсімі Қостанай облысы әкімдігі қаулысының негізінде белгіленеді.»; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|