|
|
|
Қазақстан Республикасының ақпараттандыру саласындағы уәкілетті ұйымы туралы (2010.18.05. берілген өзгерістермен)
ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 28 қаңтардағы № 49 Қаулысымен күші жойылды
«Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңына сәйкес және электрондық ақпараттық ресурстардың, ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тіркелімін және депозитарийін жүргізуді ұйымдастыруды, мемлекеттік ақпараттық жүйелер мен мемлекеттік ақпараттық ресурстардың ақпараттық қауіпсіздігін техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: ҚР Үкіметінің 2010.18.05. № 427 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 1. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің «Телекоммуникация саласындағы техникалық сүйемелдеу және талдау орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны ақпараттандыру саласындағы уәкілетті ұйым болып белгіленсін. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |