Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін сыртқы басқарушыларды таңдау ережесін бекіту туралы 2006 жылғы 25 шілдедегі
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 30 мамырдағы № 126 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін басқарудың тиімділігін арттыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін сыртқы басқарушыларды таңдау және мониторингі мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін сыртқы басқарушыларды таңдау ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 25 шілдедегі № 66 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4360 тіркелген) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін: Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін сыртқы басқарушыларды таңдау ережесінде: 1, 15-тармақтар және 4-тараудың атауы «сыртқы» деген сөзден кейін «немесе сыртқы транзиттік» деген сөздермен толықтырылсын; 11, 14-тармақтар «Сыртқы» деген сөзден кейін «немесе сыртқы транзиттік» деген сөздермен толықтырылсын; 4) тармақшада «.» деген тыныс белгісі «;» деген тыныс белгісімен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын: «5) сыртқы басқарушылардың санын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4361 тіркелген «Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 25 шілдедегі № 65 қаулысында белгіленген сыртқы басқарудың тиісті көлемдерде ұстап тұру үшін сыртқы басқаруға беріледі.»; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|