|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 31 қаңтардағы № 161 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 10 қыркүйектегі № 765 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындаудың және төлеудің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 31 қаңтардағы № 161 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 4-5, 51-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындаудың және төлеудің ережесінде; 6-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын: «2-1) «Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы» құрметті атағына ие болған адамдар үшін - «Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы» құрметті атағы берілгенін растайтын құжаты;»; «Анголадағы ұрыс іс-қимылдары:» деген жолдағы «1979 жылғы қарашаға дейін» деген сөздер «1991 жылғы желтоқсанды қоса алғанда» деген сөздермен ауыстырылсын; «Мозамбиктегі ұрыс іс-қимылдары:» деген жол «; 1984 жылғы наурыздан бастап 1988 жылғы тамызды қоса алғанда» деген сөздермен толықтырылсын; «Эфиопиядағы ұрыс іс-қимылдары» деген жолдағы «1979» деген сандар «1990» деген сандармен ауыстырылсын. 2. Осы қаулы 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |