2010 жылы жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жіберу туралы
Шымкент қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 8 ақпандағы № 5/2-618 Хатымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңына сәйкес және жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жіберу мақсатында, Шымкент қаласы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған 2010 жылға арналған ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемі бекітілсін. 2. Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен (Л.А.Мақашева) бекітілген тізбеге сәйкес 2010 жылға арналған қала бюджетінде қоғамдық жұмыстарға қарастырылған қаражат шегінде жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жіберу жүзеге асырылсын. 3. Қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздардың еңбек ақысы жалақының ең төменгі мөлшерінде белгіленсін. 4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Ж.М.Күздеубаевқа жүктелсін. 5. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2010 жылдың 18 қаңтар № 45 қаулысымен бекітілген
2010 жылға арналған ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемі
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|