Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 7 қазандағы № 1544 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің 2009 - 2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 7 қазандағы № 1544 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің 2009 - 2011 жылдарға арманған стратегиялық жоспарында: «2. Ағымдағы ахуалды талдау» деген 2-бөлімде: «Сәулет, қала құрылысы мен құрылыс қызметі саласындағы және тұрғын үй-коммуналдық саладағы проблемалар» деген кіші бөлімде: үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: «нормативтік базаны жетілдіру»; бесінші абзацтың 3) тармақшасында «құрылыс материалдарын, бұйымдары мен құрастырмаларын өндіру» деген сөздер алынып тасталсын; «Қызметтің стратегиялық бағыттары» деген 3-бөлімде: «Тұрғын үй құрылысын дамыту» деген 1-бағытта: «2009» деген бағанда: «Тұрғын үй құрылысы салынатын аудандарда инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым салу және (немесе) сатып алу» деген 1.1.3-міндетте: «Астана және Алматы қалаларының серіктес қалаларында және үлескерлер қатысатын тұрғын үй кешендерінде инженерлік құрылғыларды салу және қайта жаңарту» деген жолда «8» деген сан «6» деген санмен ауыстырылсын; «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту және дамыту» деген 1-бағытта: «2009» деген бағанда: «Жол картасын іске асыру» деген 3.1.1-міндетте: «Жол картасының «Тұрғын үй-коммуналдық, шаруашылық (сумен жабдықтау, кәріз, жылумен жабдықтау, электрмен жабдықтау, абаттандыру) жүйесін қайта жаңарту және дамыту» деген инвестициялық бағыты бойынша қаржыландырылған жобалардың саны» деген жолда «499» деген сандар «510» деген сандармен ауыстырылсын; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|