Қазақстан Республикасы Президентінің
«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 3-бабының 3 тармағына, 6-бабының 1-тармағына, 10-бабының 1-тармағына, 31-бабының 8-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Астана және Алматы қалаларында, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстарында қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттар құрылсын. 2. Алматы қаласында қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сот және аудандық сотқа теңестірілген мамандандырылған қаржылық сот құрылсын. 3. Алматы қаласындағы облыстық сотқа теңестірілген мамандандырылған қаржылық сот таратылсын. 4. Кейбір аудандық және оларға теңестірілген соттар судьяларының санының қысқаруына, Алматы қаласындағы мамандандырылған қаржылық соттың таратылуына байланысты осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес осы соттардың судьялары жаңадан құрылатын мамандандырылған соттардың судьялары деп саналсын. 5. Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі, Қазақстан Республикасы Жоғары Сотының Төрағасы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттардың, қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соттың, мамандандырылған қаржылық соттың төрағалары мен судьяларының қалған бос орындарына кандидаттарды іріктеу жөніндегі шараларды заңнамада белгіленген тәртіппен қабылдасын және тиісті ұсыныстарды Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізсін. 6. Қазақстан Республикасының Үкіметі жаңадан құрылатын соттардың қызметін қамтамасыз ету үшін 2010-2012 жылдарға арналған республикалық бюджетті нақтылау кезінде қосымша бюджеттік қаражат бөлу жөнінде шаралар қабылдансын. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|