Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігі
2009-2010 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептеріндегі оқыту Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2002 жылғы 24 қыркүйектегі № 693 бұйырығымен бекітілген жалпы орта білім берудің жалпыға міндетті мемлекеттік стандарты негізінде жүзеге асырылады. Білім беру ұйымдарында пайдалануға рұқсат етілген оқу басылымдарының тізімі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2009 жылдың 3 сәуіріндегі №160 бұйрығымен анықталған. Қазақстандық мектептердi жаңарту тұжырымдамасы жалпы білім берудiң басым бағыттарын, яғни оқушы мен оқытушының өзара ынтымақтастығы үлгiсiн оқу үдерісiнде қалыптастыру мен әртүрлi оқу-iс-әрекетiн қамтитын оқыту әдiстерiнiң үйлесiмдiлiгi негiзiнде жүзеге асырылуы тиiс екендiгiн анықтап берiп отыр. Бұл басым бағыттар мектепте білім берудi дамытуға негiз болады. Осыған орай мектептiң әр деңгейінде оқыту мен тәрбие берудің мақсаты, білім мазмұнын iрiктеу ұстанымдары, сондай-ақ, оқушылардың дайындық сапасын бағалау тәсiлдерi нақытыланды. Бүгінгі таңда мектептің алдына қойып отырған басты міндеттерінің бірі қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады. Бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру - барлық педагогикалық ұжымдардың бірігуін талап етеді. Жеке тұлғаға бағытталған сабақ оқушылардың тұлғалық ерекшеліктері ашылатын, қасиеттері қалыптасатын, мүмкіндіктері жүзеге асырылатын оқыту жағдаяты. Әр оқушының болмысы арқылы дамытушылық, шығармашылық ойлау, өзбетінше шешім қабылдау қабілетінің қалыптасуы тиіс. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|