2010-2012 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы
Осы редакция 2009 жылғы 30 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Қызылорда қалалық мәслихаты ШЕШТІ: 1. 2010-2012 жылдарға арналған қалалық бюджет 1, 2 және 3 - қосымшаларға сәйкес 2010 жылға мынадай көлемде бекітілсін: 1) кірістер - 8 096 630 мың теңге, оның ішінде: салықтық түсімдер - 5 326 072 мың теңге; салықтық емес түсімдер - 26 271 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 523 700 мың теңге; трансферттердің түсімдері - 2 220 587 теңге. 2) шығындар - 7 698 430 мың теңге; 3) таза бюджеттік кредит беру - 0 теңге, оның ішінде: бюджеттік кредиттер - 0 теңге; бюджеттік кредиттерді өтеу - 0 теңге; 4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 0 теңге, оның ішінде: қаржы активтерді сатып алу - 0 теңге; мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 теңге; 5) бюджет тапшылығы (профициті) - 398 200 мың теңге; 6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) - -98 200 теңге. 2. Жергілікті атқарушы органының резерві 73 896 мың теңге сомасында бекітілсін. 3. 2010 жылға арналған қалалық бюджетті атқару процесінде 4-қосымшаға сәйкес қалалық бюджеттік бағдарламалар секвестрлеуге жатпайды деп белгіленсін. 4. 2010 жылға арналған қалалық бюджеттің бюджеттік даму бағдарламасының және заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыру немесе ұлғайту тізбесі 5-қосымшаға сәйкес бекітілсін. 5. Халық саны бес мыңға дейінгі елді мекендердің даму сызбаларын әзірлеу шығындары 2 534 мың теңге көлемінде ескерілсін. 6. Қалалық маңыздағы автомобиль жолдарын күтіп ұстау және жөндеу шығындарының ең төменгі мөлшері 167 156 мың теңге көлемінде ескерілсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|