Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 24 желтоқсандағы № 574 Бұйрығымен бекітілген
Қол қойылатын бонус бойынша декларацияға (510.00-нысан) қосымша
ҚР Қаржы министрінің 2009 жылғы 24 желтоқсандағы № 574 Бұйрығының 4-тармағына сәйкес ереженің қолданысы 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2010 жылғы 31 желтоқсанына дейінгі кезеңде туындаған қатынастарға қолданылады
ҚР Қаржы министрінің 2010.30.06. № 311 Бұйрығымен мәтіні бойынша «2010 жылдың 13 тамызына дейін» деген сөздер «2012 жылдың 1 қаңтарына дейін» деген сөздермен ауыстырылды, «2010 жылдың 13 тамызынан бастап» деген сөздер «2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара)
Қол қойылатын бонус бойынша салық есептілігін (декларация) жасау (2010.30.06. берілген өзгерістермен)
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ережелер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленген және қол қойылатын бонус бойынша салықты есептеуге арналған, осы Ережелерге сәйкес, қол қойылатын бонус бойынша салық есептілігінің нысандарын (бұдан әрі - Декларация) жасау тәртібін айқындайды. Қол қойылатын бонус бойынша Декларацияны әрбір жер қойнауын пайдалануға жасалған жеке келісім-шарттар негізінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте жеке және заңды тұлғалар жасайды. 2. Декларацияны толтыру кезінде түзетулерге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді. 3. Есепте соманың теріс мәні тиісті жолдың (бағанның) бірінші сол торкөзінде «- » белгісімен көрсетіледі. 4. Декларацияны жасау кезінде: 1) қағаз тасығышта - қара не көк сиялы қаламмен немесе қаламұшпен, баспа әріптермен немесе баспа құрылғысын пайдалана отырып толтырылады; 2) электрондық тасығышта - нысандар Салық кодексінің 68-бабына сәйкес толтырылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|