Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау объектілеріне ветеринариялық құжаттарды беру ережесін бекіту туралы (2011.03.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 10-1/18 бұйрығымен күші жойылды
«Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 1-бабы 9) тармақшасын орындау мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау объектілеріне ветеринариялық құжаттарды беру ережесі бекітілсін. 2. Мыналардың: 1) «Ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің Орынбасары - Ауыл шаруашылығы министрінің 2004 жылғы 18 қарашадағы № 372 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2087 болып тіркелген) 1-тармағы 2) тармақшасының; 2) «Ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2002 жылғы 15 қарашадағы № 372 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2008 жылғы 20 мамырдағы № 318 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5227 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдар актілерінің жинағында № 8 болып жарияланған) күші жойылды деп танылсын. 3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Мал шаруашылығын дамыту және ветеринариялық қауіпсіздік департаментіне (Тоқсеитова Р.Ә.) осы бұйрықтың заңда белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауыл шаруашылығы министрінің міндеттерін атқарушының 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 761 бұйрығымен бекітілген
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|