Жанғыш, уытты, сұйытылған газ құбыржолдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар техникалық регламентін бекіту туралы
ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 30 қаңтардағы № 29 Қаулысымен күші жойылды
«Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған «Жанғыш, уытты, сұйытылған газ құбыржолдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті бекітілсін. 2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2010 жылғы 29 қаңтардағы № 36 қаулысымен бекітілген
«Жанғыш, уытты, сұйылтылған газ құбыржолдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті
1. Осы «Жанғыш, уытты, сұйылтылған газ құбыржолдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті (бұдан әрі - Техникалық регламент) жанғыш, уытты, сұйылтылған газ кұбыржолдарының қауіпсіздігі мен олардың тіршілік циклінің үдерісіне қойылатын талаптарды белгілейді. 2. Жанғыш, уытты, сұйылтылған газ құбыржолдарын бірдейлендіру жиынтығында айырып тану үшін жеткілікті болатын таңбалануы мен ілеспе құжаттары бойынша, белгілері, өлшемдері, көрсеткіштері мен талаптары бойынша осы Техникалық регламентке қосымшада келтірілген Қазақстан Республикасы Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы (бұдан әрі - ҚР СЭҚ ТН) кодтарын пайдалану жолымен жүргізіледі. 3. Жанғыш, уытты, сұйылтылған газ құбыржолдарын (бұдан әрі - құбыржолдар) салу және пайдалану кезінде туындайтын қауіпті факторлар (қатерлер): құбыржолда қысымның артуы; тасымалданатын орта температурасының артуы; тасымалданатын ортаның агрессиялығы; тасымалданатын ортаның жарылыс-өрт қауіптілігі; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|