|
|
|
Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің 2010 - 2014 жылдарға (2010.17.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2010.10.08. № 813 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: ҚР Үкіметінің 2010.10.08. № 813 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің 2010 - 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары бекітілсін. 2. Осы қаулы 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
ҚР Үкіметінің 2010.10.08. № 813 Қаулысымен жоспар жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 2335 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің 2010 - 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
1. Миссиясы және пайымдауы
Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) миссиясы - бұл Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясын қалыптастыру және оны іске асыруды үйлестіру. Пайымдауы - 2020 жылға қарай қазақстандық экономиканың 2009 жылғы деңгейге қатысты нақты мәнде үштен бірінен жоғары сапалы өсуі.
ҚР Үкіметінің 2010.17.11. № 1203 Қаулысымен 2.1. бөлімше өзгертілді (бұр.ред.қара) 2.1. Экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру және жаңғырту
Өткен онжылдықта қазақстандық экономиканың жай-күйі көбінесе энергия ресурстары мен минералдық шикізаттың басқа да түрлеріне сыртқы конъюнктурамен айқындалды. 2000 - 2007 жылдары тауарлар экспорты орташа есеппен ЖІӨ-нің 45 %-ын құрады. 2008 жылы мұнай бағасы рекордтық тарихи деңгейге бір баррель үшін 147 АҚШ долларына дейін жеткен кезде экспорт ЖІӨ-ге 53,9 %-ға дейін өсті. Жаһандық экономикалық дағдарыс салдарынан энергия ресурстарының әлемдік бағасының төмендеуі кезінде 2009 жылы экспорт көлемі ЖІӨ-ге 40,3%-ға дейін төмендеді. 2008 жылы басталған әлемдік экономиканың тежелуі, ресурстарды пайдаланудың қысқаруы, Қазақстанның тауар экспортының негізгі құраушысы болып табылатын мұнай, металл, металл илемдеуге әлемдік бағалардың төмендеуі Қазақстан экономикасының өсу қарқынының баяулауына алып келді. 2008 жылдың қорытындысы бойынша ЖІӨ-нің нақты өсімі 2007 жылғы 8,9 %-бен салыстырғанда 3,3 %-ды құрады. Ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі қысқарып, өнеркәсіптегі, құрылыстағы, сондай-ақ қызмет көрсету саласындағы өсу қарқыны төмендеді. 2009 жылы Қазақстан экономикасының дамуы терең әлемдік экономикалық дағдарысқа бейімделу жағдайында өтті. 2009 жылдың қорытындысы бойынша нақты ЖІӨ-нің өсу қарқыны 1,2 %-ға дейін төмендеді. Экономиканың оң өсімі 2009 жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің 13,8 %-ға артуымен, мұнай өндіру көлемінің 8,1 %-ға артуымен, сондай-ақ экономика секторларындағы белсенділікпен сұранысты ынталандыру жөніндегі мемлекеттің дағдарысқа қарсы шараларымен қамтамасыз етілді. Ағымдағы жылдың басынан бастап экономика салаларында оң серпін байқалды, бұл белгілі бір дәрежеде әлемдік экономиканың жандануына негізделді. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің жедел деректері бойынша 2010 жылғы қаңтар-наурызда нақты ЖІӨ өткен жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 8,0 %-ға өсті. Сыртқы нарықтардағы конъюнктураның жақсаруы негізінде өнеркәсіп өнімдерін өндіру көлемі 2010 жылғы қаңтар-тамызда 10,9 %-ға, оның ішінде тау-кен өнеркәсібі мен карьерлерді дайындауда өсім есебінен - 5,8 %-ға, өңдеу өнеркәсібінде 19,1 %-ға өсу есебінен ұлғайды. Тауарлар өндіру мен қызмет көрсету көлемінің ұлғаюымен сипатталатын экономика салаларының дамуы жұмыспен қамтудың өсуіне ықпал етті. Жұмыссыздық деңгейі 2010 жылғы тамызда экономикалық белсенді халық санының 5,7 %-ын құрады, бұл 2009 жылғы мамырға қарағанда 0,6 пайыздық тармаққа төмен. Сонымен қатар, әлемдік экономиканың қалпына келуі мен әлемдік тауар нарықтарындағы бағалар деңгейінің өсуі аясында отандық экономиканың өсуі ішкі бағалардың артуына ықпал етеді. 2010 жылғы тамызда инфляция деңгейі 2009 жылғы желтоқсанға қарағанда 4,6 %-ды құрады, бұл өткен жылдың осындай кезеңімен 0,3 пайыздық тармаққа жоғары. Отандық экономика жай-күйінің сыртқы бағалар факторларына тәуелділігі оған тән құрылымдық поляризация салдарынан сақталып отыр. Бір полюсте - бұл тез дамитын табыстылығы жоғары шикізат салалары және табыстары әлемдік экономиканың жай-күйі мен сыртқы нарықтардағы конъюнктураға толығымен тәуелді, толығымен әлемдік нарыққа жұмыс істейтін металлургия салалары. Мұнда ауыл шаруашылығын да жатқызуға болады. Екінші полюсте - рентабельділігі мен қосылған құны төмен басымды түрде ішкі нарыққа бағдарланған өңдеу секторының салалары. Осылайша, экономиканың жай-күйі көбінесе шикізаттық экспортқа бағдарланған салалардың дамуымен айқындалады. Экономиканың мұндай құрылымы оның тұрақты өсуін қамтамасыз етуге мүмкіндік бермейді. Сондықтан экономиканың тұрақты өсу қарқындары болашақта басымды түрде шикізаттық емес секторды дамытумен қамтамасыз етілуі тиіс. Қалыптасқан жағдайда кәсіпкерлікті қолдаудың, сауданы дамытудың қаржылық және қаржылық емес саясатын қайта қарау қажет. Бизнес-орта халық шаруашылығын дамытуға, әлеуметтік мәселелерді шешуге, жұмыспен қамтылған жұмысшылар санын арттыруға қатты ықпал етеді. Осылайша, 2009 жылы елдің ЖІӨ-дегі шағын және орта бизнес субъектілерінің үлесі 30,4 %-ды құрады (2008 жылы - 31,2 %), бөлшек тауар айналымы 2 525,2 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 3,9 %-ға төмендеді. Көтерме тауар айналымы 2009 жылы 6 496,2 млрд. теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 1,1 %-ға төмендеді (2008 жылы - 6 538,4 млрд.теңге). 2009 жылы Қазақстан Республикасында 9 тауар биржасы жұмыс істеді, оларда 398 сауда-саттық өткізіліп, спот-тауарлармен 1 119 мәміле жасалды. Есепті жылдың ішінде бірде-бір фьючерлік мәміле жасалған жоқ. Есепті жылда сауда-саттыққа шығарылған спот-тауарлардың көлемі 94,5 млрд. теңгені құрады, жасалған мәмілелер бойынша биржалар айналымының сомасы 55,1 млрд. теңгені құрады. Министрлік дамушы елдерде кеңінен қолданыс тапқан «Кэш энд Кэрри» - «қойма-жаймалар» қағидаты бойынша шағын көтерме сауданы қолдану тәжірибесін Қазақстанда дамытуға және құруға ерекше назар аударып отыр. Қазақстанда қазірдің өзінде «РАМСТОР», «АСТЫҚЖАН», «АРЗАН» және т.б. сияқты «қойма-жаймалар» қағидаты бойынша жұмыс істейтін компаниялар бар. Ішкі сауданы дамытудың оң үрдістері бірқатар проблемалардың сақталуымен бірге жүреді. Биржалық сауда, сауданың қазіргі заманғы форматтары дамымаған. Сауда нарықтарында көлеңкелі айналымның едәуір көлемі, контрабандалық және контрафактілік өнім өткізілуінің жоғары деңгейі; өткізілетін тауарларға жасанды сапа сертификаттарының кең пайдаланылуы орныққан. Қазақстанда да, көптеген елдердегідей, олардың даму деңгейлеріне қарамастан, экономикалық қызметті шамадан асыра реттеу проблемасы бар. Кәсіпкерлердің бизнесті құру және жүргізу кезінде ұстануға тиісті күрделі және ашық емес рәсімдері экономикалық өсуге барынша елеулі кедергі болып отыр. Осы рәсімдер өндіріске жұмсалатын шығындар мен кәсіпкерлердің шығыстарын үлғайтады, олардың нарықтарға қол жетімділігін шектеп, бизнестің дамуын тежейді, бизнес-ортаны нашарлатады және сыбайлас жемқорлыққа жол береді. Әкімшілік кедергілер экономиканың көлеңкелі секторының пайда болу себептерінің бірі болып табылады. Осыған байланысты, біріншіден, рұқсат беру жүйесін жетілдіру бойынша жұмысты жалғастыру қажет. Бүгінгі күні рұқсат беру рәсімдерінің 1015 түрі айқындалды, 2008 жылы олар бойынша 29 млн. астам рұқсат беру құжаты берілген. 1015 рәсімнің 331-ін алып тастау ұсынылды. Осының нәтижесінде лицензиялық-рұқсат беру құжат айналымының жылына шамамен 881 мың бірлікке азаюы күтіліп отыр. Екіншіден, тексерілетін субъектілерге қойылатын талаптар жекелеген мемлекеттік органдардың бұйрықтарымен емес (қазіргі уақытта 10 мыңнан астам), тек заң, Мемлекет басшысының жарлықтары және Үкіметтің қаулылары деңгейінде ғана белгіленуі тиіс. Мемлекеттік органдардың осы жұмыстын, маңызды бағыттарының бірі ескірген нормаларды алып тастау мақсатында осы заңнаманы бір мезгілде сүзгіден өткізу болады. Дүниежүзілік банкінің «Doing Business» бизнесті жүргізу жеңілдігінің рейтингінде республика ұстанымын жақсарту бойынша жұмыс жалғастырылатын болады. Қазіргі уақытта республиканың Дүниежүзілік банкінің «Doing Business» есебіндегі позициясы 2010 жылы өткен жылмен салыстырғанда жақсарды - Қазақстан 63-орынға ие болды (өткен жылы 64-орын). Елде инвестициялық жобаларды жоспарлаудың және іске асырудың тұтастай көрінісінің болмауы олардың тиімсіз іске асырылуына, экономика салаларындағы теңсіздікке және жобаларды пайдалануға бергеннен кейін ресурстық қамтамасыз етудің болмауына алып келетінін атап көрсету керек. Күш-жігер экономиканың шикізаттық емес секторларын, оның ішінде өңірлік кәсіпкерліктің дамуының орнықты және теңгерімді өсуін қамтамасыз ету арқылы дамытуға, жаңа қаржылық бастамалардың, тәуекелдерді мемлекет, концессионер және инвестор арасында әділетті бөлуді қамтамасыз ететін инвестицияларды мемлекеттік-жеке меншік әріптестікке тарту бойынша құралдарды жетілдірудің қағидаларын енгізуге бағытталатын болады. Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 21-пленарлық отырысында атап өткендей, мемлекеттік қолдау шараларын жүйелендіру, жергілікті деңгейде жобаларды іске асыру кезінде, әсіресе әлеуметтік және тұрғын-үй коммуналдық сала объектілерінің құрылысы кезінде мемлекеттік-жеке меншіктік әріптестік құралдарын жылжыту маңызды болып табылады. Экономиканың шикізаттық емес секторларын дамыту үшін Үкімет қабылдайтын «тікелей» шаралардан басқа Министрлік құзыреті шегінде қазақстандық экономиканы әлемдік сауда жүйесіне одан әрі кіріктіру жүргізілетін болады. Атап айтқанда, Еуразиялық экономикалық қоғамдастық шеңберінде кіріктіру бастамаларын іске асыру және экономикалық пайдалы жағдайда Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) кіруі жөніндегі келіссөздер процесін аяқтау жөніндегі жұмыстар жалғастырылуда. Бүгінгі таңда ЕурАзЭҚ-тің маңызды кіріктірудің ілгерілеуінің бірі бірыңғай кеден тарифін және Кеден одағына кірмейтін үшінші елдерге қатысты бірыңғай кеден саясатын қолдана отырып тауарлардың еркін сауда аймағының режимін іске асыруды көздейтін 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының Кеден одағының іс жүзінде іске асырылуы болып табылады. Кеден одағының жұмыс істеуі ықпалдасудың барынша тереңдетілген нысаны - тауарлардың, қызметтердің, капитал мен жұмыс күшінің еркін қозғалысын көздейтін Бірыңғай экономикалық кеңістікті қалыптастыруға етуге арналған алаңға айналады. Көлік инфрақұрылымына тең қол жетімділік қазақстандық тауарлардың алыс шетелдердің өткізу нарықтарына қозғалысы кезіндегі шығындар мен уақытты қысқартуға мүмкіндік береді. Тұтастай алғанда ЕурАзЭҚ шеңберіндегі ықпалдасу процестері елдің экономикалық әлеуетін ашудың бірлескен, бірін бірі толықтыратын өндірістерді құру жолымен бәсекелестік қабілеті жоғары әлемдік нарыққа шығудың, сондай-ақ барынша пайдалы жағдайларда өзара сауда жасаудың жаңа мүмкіндіктерін ашады. Тиісінше үйлестіру және ЕурАзЭҚ шеңберінде ықпалдастық процестерін мазмұнды пысықтау Қазақстан Республикасының кіріктіру бастамаларын тиімді іске асыруға қол жеткізудегі ұлттық мүдделерін кешенді ескеруді қамтамасыз етудің маңызды құралы болып табылады. Қазақстандық заңнамаларды ДСҰ-ның міндетті келісімдерінің ережелерімен толық сәйкестікке келтіру, іскерлік қоғамдастықтарға ДСҰ-ның құралдары туралы ақпарат беру бойынша жұмыстар жалғасуда. Кеден одағын іске асырудың іс жүзінде басталуы ДСҰ-ға кіру процесіне түзетулер енгізді. Кеден одағы ДСҰ жағдайында жұмыс істеуі үшін Кеден одағына мүше елдердің осы халықаралық ұйымға үйлестірілген негізде бірмезгілде кіруі туралы шешім қабылданды. Осы мақсатта бірыңғай келіссөз командасы құрылды, ол ДСҰ-ға мүше елдермен одан әрі келіссөздер жүргізу бойынша ұсыныстар әзірлеу мақсатында жеке келіссөздер нәтижелері бойынша біздің елдер қабылдаған міндеттемелерге талдау жүргізді. Министрліктің сауданы дамытуға бағытталған белсенді іс-әрекеттеріне қарамастан қорғаныс және елдің экономикалық мүддесін жылжытудың сенімді жүйесін қалыптастыру, отандық тауарлар мен қызметтерге сыртқы нарықтарға қол жетімділікті құру, отандық өндірушілердің өскен, демпингтік және субсидияланған тауарлар импортынан қорғану мүмкіндігі, халықаралық нарықтардың талаптары туралы жеткіліксіз ақпараттандырылуы мәселесін шешу бойынша жұмыс жүргізілетін болады. Жоғарыда көрсетілгеннің негізінде алдағы кезеңде макроэкономикалық саясат макроэкономикалық болжамдау мен талдауды жетілдіру, әкімшілік кедергілерді азайту, кәсіпкерлікті дамыту, инвестицияларды тарту және әлемдік тауарлық-экономикалық жүйеге интеграциялану арқылы экономиканың шикізаттық емес секторларын дамытуға бағытталатынын айтуға болады.
2.2. Нәтижелі мемлекеттік секторды құру
Қолданыстағы мемлекеттік басқару жүйесі халықтың мемлекеттік қызметтер көрсетуге қолжетімділігін толық қамтамасыз етпейді, мемлекеттік органдардың халықпен жедел кері байланысы жоқ, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің төмен тиімділігі мен сапасы байқалады, себебі барлық мемлекеттік қызметтер бойынша оларды көрсетудің нақты стандарттары мен регламенттері әзірленбеген. Осыған байланысты, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын одан әрі арттыру және оларды көрсету процестерін жетілдіру талап етіледі, нәтижесінде бұл сапалы қызметтер алуға азаматтардың өзінің конституциялық құқықтарын іске асыру мүмкіндігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұған қоса мемлекеттік қызметтерді стандарттау процесінің негізі болып табылатын қолданыстағы Басқару салалары (аялары) бойынша мемлекеттік қызметтердің тізілімін кезеңімен кеңейту бойынша жұмысты жалғастыру қажет. Орталық мемлекеттік органдарға 2009 жылы жүргізілген функционалдық талдау мемлекеттік органдардағы қайталанатын және оларға тән емес функциялардың болуын, сондай-ақ көмекші құрылымдық бөлімшелердің негізгілерге әртүрлі қатынасын және мемлекеттік органдардың басшылық құрамының мемлекеттік органның жалпы санына әртүрлі қатынасын көрсетті. Орталық және жергілікті атқарушы органдар арасында, сондай-ақ Үкімет пен оның құрылымына кіретін орталық мемлекеттік органдардың арасында функцияларды жеткілікті нақты бөлу отандық әкімшілік реформаның бұған дейінгі кезеңінің оң нәтижелерінің бірі болып табылатындығына қарамастан, деңгейлес және сатылас үйлестіру және бірлесе жүргізу функцияларын нақты бөлу мәселелері әлі күнге дейін ден қоюды талап етеді. Мемлекеттік органдар мен мемлекеттік басқару деңгейлерінің өкілеттіктерін барынша нақты айқындау, сондай-ақ функцияларды жүзеге асыру процестерін жетілдіру үшін мемлекеттік басқарудың тиісті саларында (аясында) саясаттың тиімділігін бағалау арқылы мемлекеттік органдардың қызметіне жүйелі негізде функционалдық шолулар жүргізуді қамтамасыз ету қажет. Қазіргі заманғы Қазақстанның жылдам өзгеріп отырған әлеуметтік-экономикалық жағдайлары мемлекеттік билік органдарының алдына жаңа мақсаттар мен міндеттер қояды, осыған байланысты мемлекеттік басқару жүйесі басқарудың үйреншікті, дәстүрлі әдістерін ғана қайта қарауға мәжбүр болып қана қоймай, өз қызметінің тиімділігін тұрақты арттырып отыруы тиіс. «Орталық мемлекеттік және облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурызда қабылданған Жарлығының міндеті мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру болып табылады. Осыған байланысты 2011 жылдан бастап жүйелі негізде 26 орталық мемлекеттік орган мен 16 жергілікті атқарушы орган қызметінің тиімділігін жыл сайын бағалау көзделіп отыр. Республикада қазіргі уақытта қолданыстағы стратегиялық және бағдарламалық құжаттар мемлекеттің стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуін және мемлекет қаражатын тиімді басқаруды қамтамасыз етпейді және бағдарламалық құжаттарды іске асыру мен бюджет қаражатының пайдалану тиімділігін бағалауға мүмкіндік бермейді. Көптеген бағдарламалардың мақсаттары мен күтілетін нәтижелері бағдарламаларды іске асырудың нақты критерийлерінсіз мен нәтижелік индикаторларынсыз, олардың тиімділігін бағалаудың нақты тетігінсіз, стратегиялық, экономикалық және бюджеттік жоспарлау арасында өзара байланысы жоқ бұлыңғыр қалыптастырылған, бағдарламаларды іске асыру тиімділігіне сапалы бақылауды жүзеге асыру мүмкін емес, іске асыру мерзімдері айрықшаланған. Мемлекеттік жоспарлау жүйесіндегі мұндай жағдай экономика мен жалпы мемлекеттік басқару жүйесінің дамуына кедергі болады. 2009 жылы айқындалған Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуі үшін Президенттің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығымен оның процесіне: көрсетілген жүйенің құжаттарын әзірлеуге, іске асыруға, мониторинг жүргізуге, бағалауға және бақылауға арналған әдістемелік тәсілдер бекітілді. Бұған қоса, қазіргі уақытта жергілікті өзін-өзі басқару институттарын дамытудың алдағы негіздері айқындалмаған. Жергілікті өзін-өзі басқарудың орнығуы азаматтық қоғамның орнығуы мен дамуымен, ел дамуының әлеуметтік-экономикалық жалпы деңгейімен, жергілікті қоғамдастықтың өміріне тікелей әсер ететін басқа да факторлар мен және жағдайлармен байланысты ұзақ, көп кезеңді және динамикалық процесс болып табылады. Мемлекеттік басқару негіздерін одан әрі демократияландыру бағытын негізге ала отырып, өкілдік биліктің маңызы арта түсуде және ең жақсы халықаралық стандарттарға сәйкес келетін жергілікті өзін-өзі басқарудың және азаматтық қоғамның тиімді институттарын құру бойынша жұмыс жүргізу қажет. Осы күнге дейін биліктің ауылдық, кенттік, қалалық (аудандық маңызы бар) деңгейлерінде басқарудың нақты тетіктері қалыптастырылмаған, жеке табыс көздері жоқ және меншік мәселелері шешілмеген, оларсыз шынайы жергілікті өзін-өзі басқару туралы айтуға болмайды. Атап айтқанда, жиналған тәжірибені ескере отырып, мемлекеттік басқару мен жергілікті өзін-өзі басқару функцияларының ара жігін ажыратып қана қоймай, сонымен бірге жергілікті маңызы бар мемлекеттік функцияларды іске асыруға қатысуға жергілікті өзін-өзі басқару органдарын кеңінен тарту қажет. Нәтижесінде демократиялық институттар және азаматтық қоғам құрылымдары егеменді Қазақстанның әлеуметтік-саяси жүйесінің шектеулі элементтері болып қалады. Тиісінше Министрлік қызметі тұтастай және тиімді Мемлекеттік жоспарлау жүйесін қалыптастыру, мемлекеттік орган қызметінің елдің, саланың, аяның, өңірдің даму параметрлеріне әсер ету деңгейін анықтау арқылы мемлекеттік қызметтер корсету сапасын арттыруға, мемлекеттік орган қызметін ұйымдастыру жүйесін бағалауға, мемлекеттік органның алға қойған міндеттері мен мақсаттарына қол жеткізудегі проблемаларды айқындауға және мемлекеттік орган қызметінің тиімділігін арттыру бойынша шаралар қолдануға бағытталатын болады. Министрлік таяудағы уақытта жоғарыда көрсетілген міндеттер мен проблемаларды әлемдік экономиканың даму үрдісін есепке ала отырып шешуді басшылыққа алатын болады.
ҚР Үкіметінің 2010.17.11. № 1203 Қаулысымен 3-бөлім өзгертілді (бұр.ред.қара) 3. Мемлекеттік орган қызметінің стратегиялық бағыттары, мақсаттары, міндеттері мен көрсеткіштері
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |