Жоба
Қазақстан Республикасы Президентінің
ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 15 қаңтардағы № 9 Қаулысымен ҚР Президентінің қарауына енгізілді
Бекітілді - ҚР Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығын қара
Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын іске асыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары (бұдан әрі - Стратегиялық жоспар) бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар, орталық және жергілікті атқарушы органдар өз қызметінде Стратегиялық жоспарды басшылыққа алсын және оны іске асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдасын. 3. Қазақстан Республикасының Үкіметі бір ай мерзімде Стратегиялық жоспарды іске асыру мақсатында әзірленуге және бекітілуге тиіс мемлекеттік бағдарламалар тізбесін белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне енгізсін. 4. Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар, орталық және жергілікті атқарушы органдар мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға: 1) жыл сайын 15 мамырға Стратегиялық жоспардың өткен жылы іске асырылу барысы туралы Қазақстан Республикасының мемлекеттік жоспарлау жүйесінің ведомствоның тікелей құзыретіне кіретін құжаттарын іске асыру мониторингінің нәтижелеріне негізделген талдамалық ақпаратты; 2) 2015 жылғы және 2020 жылғы 15 маусымға Стратегиялық жоспардың іске асырылу барысы туралы Қазақстан Республикасының мемлекеттік жоспарлау жүйесінің ведомствоның тікелей құзыретіне кіретін құжаттарының іске асырылуын бағалау нәтижелеріне негізделген талдамалық ақпаратты берсін. 5. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметіне: 1) жыл сайын 15 мамырға Стратегиялық жоспардың іске асырылу мониторингінің қорытындылары туралы жиынтық ақпаратты; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|