2009 жылға арналған қала бюджеті туралы (2009.23.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95 Бюджеттік Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабына, Атырау облыстық Мәслихатының Х сессиясының 2008 жылдың 12 желтоқсандағы № 137-ІV «2009 жылға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне және қалалық әкімияты ұсынған 2009 жылға арналған қалалық бюджет жобасын қарап, Атырау қалалық Мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ: Атырау қалалық Мәслихатының 2009.21.01. № 107; 2009.22.04. № 117; 2009.08.07. № 128 ; 2009.23.10. № 145 шешімдерімен 1-тармақ өзгертілді 1. 2009 жылға арналған қала бюджеті 1 қосымшаға сәйкес келесідей көлемде бекітілсін: 1) кірістер 39 989 027 мың теңге, соның ішінде: салықтық түсімдер - 20 606 133 мың теңге; салықтық емес түсімдер - 302 503 мың теңге; капиталмен жасалған операциялардан алынатын кірістер - 3 018 091 мың теңге; ресми трансферттер - 13 968 119 мың теңге. 2) шығындар - 39 065 613 мың теңге; 3) бюджет тапшылығы (профицит) - 923 414 мың теңге. 4) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - (- 923 414) мың теңге, оның ішінде: қарыздар түсімі - 229 000 мың теңге; қарыздарды өтеу - 1 270 000 мың теңге; бюджет қаражаты бос қалдықтарының қозғалысы - 117 586 мың теңге. 2. 2009 жылға арналған Атырау қаласы бюджетінің табыстары Бюджеттік кодексіне сәйкес келесідей салықтық түсімдер есебінде жасақталатыны белгіленсін: Облыс бюджетіне тіркелетін сомадан басқа, әлеуметтік және жеке табыс салығы; жеке тұлға, жеке кәсіпкер мен заңды тұлға мүлкі үшін салық; жер салығы; көлік құралдары үшін салық; бірыңғай жер салығы; акциздер; заңды және жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салық; жер телімдерін пайдаланған үшін төлемдер; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|