Аудан мәслихатының 2009 жылғы 28 желтоқсандағы 4 шақырылымы 20 сессиясының «2010 - 2012 жылдарға арналған аудан бюджеті туралы» № 175-4/20 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 21 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 1-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы «Бюджет Кодексінің» 106-бабы, 2-тармағы, 4-тармақшасына, 109-бабының 5 тармағына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ: 1. Железин аудан мәслихатының 2009 жылғы 28 желтоқсандағы «2010 - 2012 жылдарға арналған аудан бюджеті туралы» (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 12-6-82 тіркелген, 2010 жылы 9 қаңтардағы аудандық «Родные просторы» газетінің № 2 жарияланған) № 175-4/20 шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін. Аталған шешімінің 1-тармағы мынандай редакцияда мазмұндалсын: 2010 - 2012 жылдарға арналған аудан бюджеті 1, 2, 3 қосымшаға сәйкес бекітілсін, оның ішінде 2010 жылға арналған келесі көлемінде: 1) кірістер - 1824070,0 мың теңге, оның ішінде: салықтық түсімдер бойынша - 261763,0 мың теңге; салыққа жаипайтын басқа да тұсімдер - 560,0 мың теңге; негізгі капиталды сатқаннан түсетін түсімдер - 482,0 мың теңге; трансферттер түсімі - 1561265,0 мың теңге; 2) шығындар - 1831296,0 мың теңге; 3) таза бюджеттік несиелеу - 21868,0 мың теңге, оның ішінде; бюджеттік несиелер - 21868,0 мың теңге; бюджеттік несиені өтеу нөлге тең; 4) қаржылық активтердің операциялық қалдық нөлге тең; 5) бюджет тапшылығы - -29094,0 мың теңге; 6) бюджет тапшылығын қаржыландыру - 29094,0 мың теңге; 1, 5 қосымшалары осы шешімінің 1, 2 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын. 2. Осы шешімінің атқарылу бақылауды аудан мәслихатының әлеуметтік-экономикалық даму және бюджетінің комиссиясына жұктелсін. 3. Осы шешім 2010 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгізіледі.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|