2010-2012 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ: 1. 2010-2012 жылдарға арналған аудандық бюджет 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2010 жылға келесі көлемдерде бекітілсін: 1) кірістер - 3642655 мың теңге, оның ішінде: салықтық түсімдер - 640966 мың теңге; салықтық емес түсімдер - 1160 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 3537 мың теңге; трансферттердің түсімдері - 2996992 мың теңге; 2) шығындар - 3667655 мың теңге; 3) таза бюджеттік кредиттеу - 26706 мың теңге: бюджеттік кредиттер - 26706 мың теңге; бюджеттік кредиттерді өтеу - 0 мың теңге; 4) қаржылық активтермен операция бойынша сальдо - 0 мың теңге: қаржылық активтерді алу - 0 мың теңге; мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 мың теңге; 5) бюджет дефициті (профициті) - минус 51706 мың теңге; 6) бюджет дефицитін (профицитін пайдалану) қаржыландыру - 51706 мың теңге: қарыздар түсімдері - 26706 мың теңге; қарыздарды өтеу - 0 мың теңге; бюджет қаражаттарының пайдаланылған қалдықтары - 25000 мың теңге. 2. 2010 жылға арналған аудан бюджетіне кірістерді бөлу нормативтері келесі мөлшерлерде белгіленсін: 1) жеке табыс салығы бойынша - 50 %; 2) әлеуметтік салық бойынша - 90 %. 3. 2010 жылға арналған аудандық бюджетке облыстық бюджеттен берілетін субвенциялардың мөлшері 2176773 мың теңге сомасына ескерілсін. 4. 2010 жылға арналған ауданд ық бюджеттен бюджет саласындағы еңбекақы төлеу қорының өзгеруіне байланысты жоғары тұрған бюджеттерге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер 161864 мың теңге сомасында ескерілсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|