Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының
Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2017 жылғы 14 сәуірдегі № 10 шешімімен күші жойылды
Мемлекет басшылары деңгейіндегі Еуразиялық экономикалық қауымдастығы Мемлекетаралық кеңесi (кеден одағының жоғарғы органы) шештi: 1. 2007 жылғы 6 қазандағы Кеден одағының шарттық-құқықтық базасын қалыптастыруға бағытталған халықаралық шарттардың күшiне ену, олардан шығу және оларға қосылу тәртібі туралы хаттамаға сәйкес 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап мыналардың күшiне енуi белгiленсiн: 2008 жылғы 25 қаңтардағы Бiрыңғай кедендiк-тарифтiк реттеу туралы келісім; 2008 жылғы 12 желтоқсандағы Тарифтiк квоталарды қолданудың шарттары мен тетiгi туралы келісім; 2008 жылғы 12 желтоқсандағы Айрықша жағдайларда Бiрыңғай кедендiк тарифтiң ставкаларынан ерекшеленетiн кедендiк әкелу баждарының ставкаларын қолдану шарттары мен тәртібі туралы хаттама; 2008 жылғы 12 желтоқсандағы Тарифтiк жеңiлдiктер беру туралы хаттама; 2008 жылғы 12 желтоқсандағы Кеден одағының тарифтiк преференцияларының бiрыңғай жүйесi туралы хаттама. 2. 2010 жылы 1 қаңтардан бастап күшiне енуi мерзiмiмен мынадай құжаттар бекітілсiн: Кеден одағының Сыртқы экономикалық қызметтiң бiрыңғай тауар номенклатурасы (бұдан әрi - КО СЭҚ ТН) және Кеден одағының Бiрыңғай кедендiк тарифi (1-қосымша); Кеден одағының Тарифтiк преференциялар жүйесiн пайдаланатын дамушы елдердiң тiзбесi (2-қосымша); Кеден одағының Тарифтiк преференциялар жүйесiн пайдаланатын неғұрлым аз дамыған елдердiң тiзбесi (3-қосымша); Дамушы елдерден және неғұрлым аз дамыған елдерден шығарылатын және әкелiнетiн, әкелу кезiнде тарифтiк преференциялар берiлетiн тауарлардың тiзбесi (4-қосымша); Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|