|
Ақсу қаласында және ауыл өңірінде 2010 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 8 және 20-баптарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы «Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» № 836 қаулысымен бекітілген Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландыру ережесіне сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Ақсу қаласында және ауыл өңірінде жұмыссыздар үшін ұйымдастырылатын қоғамдық жұмыстардың түрлері 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін. 2. Тиісті жылға республикалық бюджетпен белгіленген қоғамдық жұмыстарда жұмыспен қамтылған жұмыскерлердің еңбекақысы ең аз жалақыдан кем емес мөлшерде, қаланы көріктендіру және санитарлық тазалау жөніндегі жұмысты орындайтын жұмыскерлер үшін ең аз жалақының бір жарым мөлшеріндегі мөлшерде жүргізілсін. 3. Ақсу қаласында және ауыл өңірінде жұмыссыздар үшін қоғамдық жұмыстар жүргізілетін кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер тізбесі 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін. 4. Қала әкімдігінің осы қаулысы ол алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқық қатынастарына тарайды. 5. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Е.М. Рахымжановқа жүктелсін.
Ақсу қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 19 ақпандағы № 72/2 қаулысына 1-қосымша
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|