Денсаулық сақтау министрлігінің ішкі бақылау басқармасы туралы ережені бекіту туралы
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2013 жылғы 11 қаңтардағы № 15 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінің 146-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ішкі бақылау басқармасы туралы ереже бекітілсін. 2. Осы бұйрық 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
Денсаулық сақтау министрінің 2008 жылғы 26 желтоқсандағы № 688 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ішкі бақылау басқармасы туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ішкі бақылау басқармасы (бұдан әрі - Басқарма) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) құрылымды бөлімшесі болып табылады. 2. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының заңдарына, Президенті және Қазақстан Республикасының Үкіметінің актілеріне және басқа да нормативтік құқықтық актілерге, Министрлік туралы ережеге, Министрлік бойынша бұйрықтарға, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 3. Бақылау объектілері Министрліктің орталық аппараты, құрылымдық бөлімшелері, мемлекеттік кәсіпорындар, акционерлік қоғамдар және басқа да Министрлік тарабынан мемлекеттік басқару органы болып табылатын заңды тұлғалар, сондай-ақ бюджет қаражатын алушылар болып табылады (бұдан әрі - Бақылау объектілері). 4. Басқарма Министрге ғана бағынысты және есеп береді, Министрліктің басқа құрылымдық бөлімшелеріне ұйымдық және функциялық жағынан тәуелсіз.
2. Басқарманың негізгі міндеттері, функциялары мен құқықтары
1. Басқарманың негізгі міндеттері: 1) Министрлік қызметінің бағыттары бойынша ішкі бақылауды жүзеге асыру; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|