Тексеру парақтарының нысандарын бекіту туралы
Осы бұйрықтың 5-тармағына сәйкес 2011 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылды
«Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 38-бабын және «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫЗ: 1.Бақылау субъектілерін: 1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес қызмет барысында Ұлттық мұрағат қорының құжаттары жасалатын жеке және заңды тұлғаларды; 2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес мұрағат ісін басқару органдарын тексеру бойынша тексеру парақтары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін; 2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықтың ресми жариялануын қамтамасыз етсін; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат вице-министрі Ғ.Т. Телебаевқа жүктелсін. 4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді. 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2011 жылдың 1 қаңтарына дейін қолданылады.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2010 жылғы 11 ақпандағы № 24 және Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|