Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Швейцарияның Федералдық Кеңесі арасындағы Дипломаттық
ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 7 маусымдағы № 528 Қаулысымен бекітілді 2015 жылғы 17 қаңтарда күшіне енді
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Швейцарияның Федералдық Кеңесі (бұдан әрі «Тараптар» деп аталатын), екі мемлекеттің достық қарым-қатынастарды нығайтуға деген ұмтылысын назарға ала отырып, және Ұлттық дипломаттық паспорттардың иелері Тараптар мемлекеттері азаматтарының өзара сапарларына ықпал етуге ниет білдіре отырып, төмендегілер туралы келісті:
1. Әрбір Тарап мемлекетінің азаматтары, жарамды ұлттық дипломаттық паспорттардың иелері екінші Тарап мемлекетінің аумағына келу, кету, транзитпен өту немесе болу үшін алғаш келген күнінен бастап есептегенде 180 (бір жүз сексен) күн ішінде 90 (тоқсан) күннен аспайтын кезеңге визалық талаптардан босатылады. 2. Шенген Келісімінің шекарадан өтуге және визаға қатысты ережелері қолданылатын бір немесе одан да көп мемлекеттер аумағынан транзит арқылы Швейцария аумағына келген жағдайда 90 (тоқсан) күндік мерзімнің саналуы қатысушы мемлекеттер белгілеген еркін қозғалыс аймағын айқындайтын сыртқы шекараны кесіп өткен күннен басталады.
Әрбір Тарап мемлекетінің азаматтары, дипломатиялық өкілдіктің, консулдық мекеменің немесе Штаб-пәтермен Келісім жасалған халықаралық ұйым жанындағы тұрақты өкілдіктің қызметкерлері болып табылатын жарамды ұлттық дипломаттық паспорттардың иелері, сондай-ақ олармен бірге тұратын жарамды ұлттық дипломаттық паспорттары бар отбасы мүшелері екінші Тарап мемлекетінің аумағына өздері тағайындалған кезеңге визасыз келуге, болуға және одан кетуге құқылы. Жіберетін Тарап қабылдайтын мемлекетке жоғарыда көрсетілген тұлғалардың болуы мен қызметіне қатысты алдын ала дипломатиялық арналар арқылы жазбаша хабарлама жіберуі тиіс.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|