Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Швейцария Федералдық
ҚР 2014 жылғы 14 қарашадағы № 251-V Заңымен ратификацияланды 2015 жылғы 1 ақпанда күшіне енді
Осы Келісімге Жұмыс хаттамасын қараңыз
Бұдан әрі «Тараптар» деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Швейцария Федералдық Кеңесі, заңсыз көші-қонға қарсы неғұрлым тиімдірек күресу мақсатында ынтымақтастықты күшейтуге ниеттене отырып, осы Келісім арқылы және өзара түсіністік негізінде Қазақстан Республикасының және Швейцария Конфедерациясының аумағына келу, онда болу немесе тұру үшін шарттарды орындамаған немесе бұдан әрі орындамайтын адамдарды сәйкестендіру және қайтару үшін жылдам және тиімді рәсімдер орнатуға және ынтымақтастық рухында осындай адамдардың транзитін жеңілдетуге ниет білдіре отырып, осы Келісім халықаралық актілерден, оның ішінде адам құқықтары жөніндегі халықаралық актілерден туындайтын Қазақстан Республикасының және Швейцария Конфедерациясының құқықтары мен міндеттемелерін қозғамайтынын атап көрсете отырып, төмендегілер туралы келісті:
Осы Келісімнің мақсатында: 1) «Реадмиссия» осы Келісімнің ережелеріне сәйкес сұрау салушы Тарап мемлекетінің аумағына заңсыз келген, онда болатын немесе тұрып жатқан адамдарды (сұрау салынатын Тарап мемлекетінің азаматтарын, үшінші мемлекеттердің азаматтарын немесе азаматтығы жоқ адамдарды) сұрау салушы Тараптың құзыретті органының қайтаруын және сұрау салынатын Тараптың құзыретті органының қабылдауын білдіреді. 2) «Сұрау салушы Тарап» осы Келісімнің II тарауына сәйкес реадмиссия туралы өтініш немесе III тарауына сәйкес транзит туралы өтініш жіберетін Тарапты білдіреді. 3) «Сұрау салынатын Тарап» осы Келісімнің II тарауына сәйкес реадмиссия туралы өтініш немесе III тарауына сәйкес транзит туралы өтініш жіберілетін Тарапты білдіреді. 4) «Үшінші мемлекеттердің азаматтары» Тараптар мемлекеттерінің азаматтығынан басқа кез келген мемлекеттің азаматтығы бар адамды білдіреді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|