|
Бернде 1999 жылғы 21 қазанда қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкіметімен Швейцария Федералдық
ҚР 2014 жылғы 11 ақпандағы № 173-V Заңымен ратификацияланды 2014 жылғы 26 ақпанда күшіне енді
Қазақстан Республикасының Үкіметі және Швейцария Федералдық Кеңесі, Бернде 1999 жылғы 21 қазанда қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Швейцария Федералдық Кеңесі арасындағы Табыс пен капиталға салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау туралы конвенцияға (бұдан әрі Конвенция) және 1999 жылғы 21 қазанда қол қойылған Хаттамаға (бұдан әрі - Конвенцияға Хаттама) өзгерістер енгізу туралы хаттама жасасуға ниет білдіре отырып, төмендегілер туралы уағдаласты:
2-баптың 1-тармағында (Конвенция қолданылатын салықтар) пайдаланылатын «жергілікті өкімет органдары» деген ұғым Конвенцияның бүкіл мәтінінде «орталық немесе жергілікті билік органдары» деген ұғымға ауыстырылады.
Конвенцияның 3-бабының 1-тармағы а) тармақшасының (і) тармақшасы (Жалпы айқындамалар) мынадай редакцияда жазылсын: «(і) «Қазақстан» термині Қазақстан Республикасын білдіреді. «Қазақстан» термині географиялық мағынада қолданылған кезде Қазақстан Республикасының мемлекеттік аумағын және Қазақстан өзінің заңнамасына және өзі қатысушы болып табылатын халықаралық шарттарды қоса алғанда, халықаралық құқыққа сәйкес өзінің егемен құқықтары мен юрисдикциясын жүзеге асыра алатын аймақтарды білдіреді;».
Конвенцияның 4-бабы 2-тармағының d) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «d) егер оның мәртебесі а) - с) тармақшаларына сәйкес анықталмаса, Уағдаласушы Мемлекеттердің құзыретті органдары осы мәселені өзара келісім бойынша шешеді.».
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|