Ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Монғолия Азық-түлік және ауыл шаруашылығы министрлігі арасындағы өзара түсіністік туралы
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Монғолия Азық-түлік және ауыл шаруашылығы министрлігі, Қазақстан Республикасы мен Монғолияны біріктіретін тығыз байланыстар мен достық қарым-қатынастарды назарға ала отырып, өзара тиімді негізде ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты дамытудағы өзара ынтаны ескере отырып, экономиканы дамытуда және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде ауыл шаруашылығының жетекшілік рөлін түсіне отырып, елдер арасындағы ынтымақтастықты нығайту үшін тәжірибе алмасудың және барлық деңгейдегі ынтымақтастықтың қажеттілігін тани отырып, мыналар жөнінде келісті:
Тараптар арасындағы ынтымақтастық мынадай салаларда жүзеге асырылады: - мал шаруашылығы және өсімдік шаруашылығы; - ауыл шаруашылығы өнімінің саудасы; - өсімдіктерді қорғау және карантин; - ветеринария; - ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу; - аграрлық ғылым.
Осы Меморандумның ережелерін іске асыру мыналар арқылы жүзеге асырылады: өзара мүддені білдіретін ақпаратпен, материалдармен, өнімдердің үлгілерімен және ауыл шаруашылығы зерттеулердің нәтижелермен алмасу, сонымен қатар өсімдік және мал шаруашылығына заманауи технологияларын енгізу; Тараптар Мемлекеттері ауыл шаруашылық саласында қабылданған нормативтік құқықтық актілермен және стандарттармен алмасу; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|