2010 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 1 тармағының 13) тармақшасына және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 және 20-бабтарының негізінде, сондай-ақ «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 Қаулысымен бекітілген қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландырудың ережесіне сәйкес Мойынқұм ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. 2010 жылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдардың тізбесі 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін. 2. 2010 жылға арналған қоғамдық жұмыс түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары, қаржыландыру көздері, қоғамдық жұмыстарға сұраныстар мен ұсыныстар 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін. 3.«Мойынқұм ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (М. Есіркепов) ауылдық округтердің әкімдері азаматтарды қоғамдық жұмысқа тартқан кезде нысаналы топтарға жататын жұмыссыз азаматтарды ескерсін. 4. Қоғамдық жұмысқа қатысатын азаматтардың еңбек ақысы «2010-2012 жылдарға арналған Республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 7 желтоқсандағы Заңымен белгіленген ең төменгі жалақы көлемінің 1,5 еселенген мөлшерінде белгіленсін. 5 «Мойынқұм аудан әкімдігінің қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Б. Шынжарбеков) қоғамдық жұмыстарды жергілікті бюджеттен уақытылы қаржыландыруды қамтамасыз етсін. 6.Осы Қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е. Жантоқовқа жүктелсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|