Казталов аудандық мәслихатының 2009 жылғы 25 желтоқсандағы № 24-2 «2010-2012 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ: 1. «2010-2012 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Казталов аудандық мәслихатының 2009 жылғы 25 желтоқсандағы № 24-2 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7-8-98 тіркелген, 2010 жылғы 22 қаңтардағы, 2010 жылғы 1 ақпандағы, 2010 жылғы 8 ақпандағы, 2010 жылғы 15 ақпандағы аудандық «Ауыл айнасы» газетінде № 5, № 6, № 7, № 8 жарияланған), келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) 1-тармақта: 1) тармақшадағы «2 521 624» деген сандар «2 809 803» деген сандармен ауыстырылсын; «2 090 543» деген сандар «2 378 722» деген сандармен ауыстырылсын; 2) тармақшадағы «2 521 624» деген сандар «2 878 005» деген сандармен ауыстырылсын; 4) тармақшадағы «0» деген сандар «800» деген сандармен ауыстырылсын; «0» деген сандар «800» деген сандармен ауыстырылсын; 6) тармақшадағы «23 145» деген сандар «92 147» деген сандармен ауыстырылсын. 2) 3-тармақтың 1) тармақшасында: бірінші абзацта «238 669» деген сандар «526 848» деген сандармен ауыстырылсын; он тоғызыншы абзацта «7 627» деген сандар «20 803» деген сандармен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы жиырма үшінші, жиырма төртінші, жиырма бесінші, жиырма алтыншы, жиырма жетінші абзацтармен толықтырылсын: «Жаңажол ЖОББМ күрделі жөндеуге - 90 000 мың теңге; Талдыапан ЖОББМ күрделі жөндеуге - 131 405 мың теңге; 1-4 сынып оқушыларына ыстық тамақ ұйымдастыруға - 3 300 мың теңге; Жалпақтал ауылындағы мәдениет үйін күрделі жөндеуге ЖСҚ жасақтауға - 5 000 мың теңге; Жалпақтал ауылының сумен қамту жүйесін қайта жаңартуға - 45 298 мың теңге.»; 3) аталған шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; 4) аталған шешімнің 5 қосымшасы осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|