Мұнай қыртыстарын суландыруға арналған су сапасына қойылатын талаптар
ҚР СТ 1662-2007
Осы стандарт өтімділігі мен жинағыштардың салыстырмалы сызаттылығын есепке алып мұнай қыртыстарын суландыруға арналған су сапасына, сондай-ақ мұнай қыртыстарын суландыру үшін пайдаланатын суларға қойылатын негізгі талаптарды белгілейді. Осы стандарт мұнай қыртыстарын суландыру үшін суларды дайындайтын жаңа қондырғыларды жобалауды және барларын жөндеуді жүзеге асыратын барлық кәсіпорындар мен ұйымдарға таратылады. Осы стандарт игерудің термиялық әдістері, сілтілік су толтыру үшін суды дайындауға, түрлі қуушы ерітінділер мен жинақтарды дайындауға және өзге салалық кәсіпорындардың сарқынды суларына таратылмайды.
Осы стандартта мынадай нормативтік құжатқа сілтемелер пайдаланылды: ГОСТ 9.506-87 Жегі мен ескіруден қорғаудың бірыңғай жүйесі. Су-мұнайлы орталарда металл жегісінің ингибаторлары. Қорғаныстық қасиетті анықтау әдістері.
3 Су сапасының көрсеткіштері мен нормалары
рН мәні 4,5 - 8,5 дейінгі шекте болуы керек. Нығыздау ұңғымаларының қабылдау коэффициентінің суды айдауды бастағаннан бастап 20 %-ға төмендегені жағдайда забойлық аймақтың сүзгіштік қасиетін қалпына келтіру бойынша жұмыстар және қажет жағдайда айдалатын су сапасын жақсартуға тырысу керек. 3.3 Қыртыстық сумен және жыныспен сыйысымдылық Қыртыстық жағдайда айдалатын судың қыртыстық сумен және жинақтағыш жынысымен байланысы жағдайында 3.2-тармағына сәйкес сүзгіштік сипаттаманы төмендету керек болуы мүмкін. 3.4 Механикалық қоспалар мен эмульгирленген мұнай бөлшектерінің өлшемі. Суды сіңгіштігі 0,1 мкм-ден жоғары кеуекті жинақтағыштарға айдаған жағдайда бөлшектердің 90%-ы 5 мкм-ден ірі болмауы керек. Суды өткізгіштігі 0,1 мкм дейінгі кеуекті жинақтағыштарға айдаған жағдайда 1 мкм-ден ірі болмауы керек. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|