Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің комитеттері, департаменттері мен ведомстволық бағынысты ұйымдары басшыларына Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2010 - 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспарының нысаналы индикаторларын (көрсеткіштерін) бекіту туралы
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2010 - 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 2339 қаулысын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің комитеттері, департаменттері және ведомстволық бағынысты ұйымдары басшыларына Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2010 - 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспарының нысаналы индикаторлары (көрсеткіштері) бекітіліп берілсін. 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің комитеттері, департаменттері мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының басшылары: 1) қосымшада көрсетілген нысаналы индикаторларға (көрсеткіштерге) қол жеткізуді қамтамасыз етсін; 2) ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-күніне АӨК стратегиялық жоспарлауы және инновациялық саясаты департаментіне қосымшада көрсетілген нысаналы индикаторларға (көрсеткіштерге) қол жеткізу бойынша іс-шаралардың іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін. 3. АӨК стратегиялық жоспарлауы және инновациялық саясаты департаменті ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 20-күніне Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министріне қосымшада көрсетілген нысаналы индикаторларға (көрсеткіштерге) қол жеткізу бойынша іс-шаралардың іске асырылу барысы туралы есеп берсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Арман Қайратұлы Евниевке жүктелсін. 5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ауыл шаруашылығы Министрінің 2010 жылғы 8 сәуірдегі № 242 бұйрығымен бекітілген
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|