Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Словак Республикасының Үкіметі арасындағы Әскери зираттар туралы
ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 17 мамырдағы № 529 Қаулысымен бекітілді 2011 жылғы 6 шілдеде күшіне енді
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Словак Республикасының Үкіметі, екі жақты қарым-қатынасты одан әрі дамыту және өзара түсіністікті нығайту арқылы ынтымақтастықты дамыту мен нығайту ниетін басшылыққа ала отырып, бірінші немесе екінші дүниежүзілік соғыстар уақытында жауынгерлік іс-қимылдар барысында, тұтқында болғанда қаза тапқан немесе олардың зардаптарының нәтижесінде, оның ішінде соғыстан кейінгі уақытта қайтыс болған әскери қызметшілер мен азаматтық тұлғаларды мәңгілік есте сақтау құқығын қамтамасыз ету қажеттілігіне сүйене отырып, халықаралық гуманитарлық құқықтың жалпыға ортақ қағидаттары мен нормаларына және, атап айтқанда, 1949 жылғы 12 тамыздағы Соғыс құрбандарын қорғау туралы Женева конвенциялары мен 1977 жылғы 8 маусымдағы оларға Қосымша хаттамалардың ережелеріне сәйкес, төмендегілер туралы келісті:
Терминдердің анықтамалары
Осы Келісімде пайдаланылатын ұғымдар мынаны білдіреді: 1. «Қазақстандық соғыс құрбандары»: 1) қазақстандық тегі болған, қазіргі Қазақстан Республикасының аумағында туған немесе тұрған, Ресей империясының немесе Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының қарулы күштерінің құрамына енген, бірінші немесе екінші дүниежүзілік соғыстар барысында қаза тапқан немесе оның зардаптарының нәтижесінде қайтыс болған, қазіргі Словак Республикасының аумағында жерленген адамдар; 2) қазақстандық тегі болған, қазіргі Қазақстан Республикасының аумағында туған немесе тұрған, бірінші немесе екінші дүниежүзілік соғыстар барысында қаза тапқан немесе оның зардаптарының нәтижесінен қайтыс болған, қазіргі Словак Республикасының аумағында жерленген әскери тұтқындар немесе азаматтық тұлғалар. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|