Дене шынықтыру және спорт ұйымдарының мемлекеттік қызметші болып табылмайтын қызметкерлерінің мамандығы бойынша жұмыс өтілін есептеу ережесін бекіту туралы
ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 22 желтоқсандағы № 342 бұйрығымен күші жойылды
«Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Дене шынықтыру және спорт ұйымдарының мемлекеттік қызметші болып табылмайтын қызметкерлерінің мамандығы бойынша жұмыс өтілін есептеу ережесі бекітілсін. 2. Туризмді, спортты дамыту және халықаралық ынтымақтастық департаменті (Қамзебаева Д.Ү.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге заңнамада белгіленген тәртіппен ұсынсын. 3. Әкімшілік жұмыс департаменті (Пірметов Ә.Х.) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін. 4. «Мемлекеттік қызметші болып табылмайтын дене шынықтыру және спорт ұйымдары қызметкерлерінің мамандығы бойынша жұмыс өтілін есептеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөніндегі агенттігі төрағасының 2002 жылғы 6 наурыздағы № 06-2-2/40 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізбесінде № 1806 тіркелген) күші жойылды деп танылсын. 5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Туризм және спорт вице-министрі Т. Ермегияевке жүктелсін. 6. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«Келісілді» Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі _____________ Г. Әбдіқалықова 2010 жылғы 16 наурыз
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|