Жоба Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қабылданды - ҚР 2010 жылғы 29 желтоқсандағы № 371-IV Заңын қара
Заңының жобасы ҚР Үкіметінің 2010.31.03. № 263 Қаулысымен ҚР Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілді
1-бап. Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 9, 65-құжат; № 19, 147-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 178-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 9-10, 50-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 122, 134-құжаттар): 1) 26-бапта: бірінші бөлігінде «Еңбек шартын» деген сөздер «1. Еңбек шартын» деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 2-тармақпен толықтырылсын: «2. Егер мемлекеттік функцияларды орындау кезеңінде өзінің лауазымдық өкілеттіктері бойынша адам коммерциялық ұйымның қызметін тексеру нысанындағы бақылауды тікелей жүзеге асырған болса не аталған коммерциялық ұйымның қызметі көрсетілген адамның құзыретіне сәйкес сол адаммен тікелей байланысты болған болса, көрсетілген адам мемлекеттік қызметті тоқтатқаннан кейін бір жыл бойы оған коммерциялық ұйымға жұмысқа орналасуға жол берілмейді. Бұл талапты бұзу көрсетілген адаммен еңбек шартын бұзуға әкеп соғады.»; 2) 61-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын: «3-1) осы Кодекстің 26-бабының 2-тармағында көрсетілген адаммен еңбек шарты жасалған;». Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|