Әлеуметтік жұмыс орындары мен жастар тәжірибесін ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, Қазақстан Республикасының Үкіметінің «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына сәйкес Қызылорда қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру мен қаржыландыру қағидасы және кәсіби мамандыққа диплом алған жұмыссыз жастарды тәжірибеден өткізуді (жастар тәжірибесі) ұйымдастыру мен қаржыландыру, нысаналы топтарға жататын азаматтар тізілімі осы қаулының 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес бекітілсін. 2. «Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (К. Ембергенова): 1) халықты жұмыспен қамтуға ықпал етудің тиімді саясатын қамтамасыз етсін, халықтың нысаналы топтарын қолдау үшін қосымша шаралар қарастырсын; 2) осы қаулының орындалу барысы туралы ақпаратты тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-на «Қызылорда қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне жолдасын. 3. Қызылорда қаласы әкімдігінің төмендегі қаулыларының күші жойылды деп танылсын: 1) Қызылорда қаласы әкімдігінің «Әлеуметтік жұмыс орындары мен жастар тәжірибесін ұйымдастыру туралы» 2009 жылғы 20 мамырдағы № 1370 қаулысы (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Тізімде 10-1-113 нөмірімен тіркелген, 2009 жылдың 5 маусымында № 43-44 «Ақмешіт ақшамы» газетінде жарияланған); Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|