Кеден одағында кедендік әкелу баждарын (өзге баждарды, балама әрекеті бар салықтар мен алымдарды)
Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың күшіне енуіне байланысты қолданылуы тоқтатылды
ҚР 2010 жылғы 30 маусымдағы № 303-IV Заңымен ратификацияланды 2010 жылғы 1 қыркүйекте күшіне енді
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын, Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы, 2007 жылғы 6 қазандағы Бірыңғай кеден аумағын құру және кеден одағын қалыптастыру туралы шартты негізге ала отырып, халықаралық құқықтың жалпыға танылған қағидаттары мен нормаларын басшылыққа ала отырып, Тараптардың бюджеттеріне кедендік әкелу баждарының (өзге баждардың, балама әрекеті бар салықтар мен алымдардың) уақтылы және толық түсуіне өзара мүдделілікке сүйене отырып, осы мақсатта бір-біріне жәрдемдесуге ниет білдіре отырып, мына төмендегілер туралы келісті:
Осы Келісім кеден одағының кеден аумағына әкелінетін тауарларға қатысты оларды төлеу бойынша міндет Кеден одағы комиссиясының шешіміне сәйкес осы Келісімде белгіленген кедендік әкелу баждарының есепке алу және бөлу тәртібін қолдану басталған күнінен туындаған кедендік әкелу баждарының сомасын есепке алу және Тараптар арасында бөлу тәртібін анықтайды. Осы кедендік әкелу баждарының сомасын есепке алу және Тараптар арасында бөлу тәртібі кеден одағының кеден заңнамасында көзделген жағдайларда және тәртіппен кедендік әкелу баждарының сомасына есептелген өсімақылардың (проценттердің) сомасына қатысты да қолданылады.
Осы Келісімде пайдаланылатын ұғымдар мынаны білдіреді: кедендік әкелу баждары - кеден одағының кеден аумағына тауарларды әкелуге байланысты тараптардың кеден органдары алатын міндетті төлем; уәкілетті орган - Тараптың бюджеттің атқарылуына кассалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын осы Тараптың мемлекеттік органы; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|