Нұсқаулықтарды бекіту туралы
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2018.10.12. № 696 бұйрығымен күші жойылды
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексінің 7-бабының 1-тармағының 5-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған: 1) мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен медициналық және фармацевтикалық кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау мемлекеттік тапсырысын жоспарлау және орналастыру нұсқаулығы 2) мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен үздік шетел мамандарының қатысуымен мастер-класстарды ұйымдастыру және өткізу нұсқаулығы бекітілсін. 2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі Е.А. Біртановқа жүктелсін. 3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 29 наурыздағы № 213 бұйрығымен бекітілген
Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен медициналық және фармацевтикалық кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау мемлекеттік тапсырысын жоспарлау және орналастыру жөніндегі нұсқаулық
1. Кіріспе
Осы нұсқаулық денсаулық сақтау саласының кадрларының қосымша кәсіби білім алуға, сонымен қатар мамандық және аймақтар кескінінде үздік шетел мамандарының қатысуымен мастер-класстарды өткізуге «Мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлау» деген 014 республикалық бюджеттік бағдарламасы бойынша мемлекеттік тапсырысты орналастыру басымдылығы туралы шешімді қабылдау үшін арналған. «Мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлау» деген 014 республикалық бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен республикалық бюджет есебінен қаржыландыратын денсаулық сақтау ұйымдарында жұмыс істейтін мамандарды оқыту қаржыландырылады.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|