Ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісін басқару жүйелерін субсидиялауға байланысты
«2010-2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 7 желтоқсандағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісін басқару жүйелерін субсидиялауға байланысты іс-шараларды қаржыландыру ережесі бекітілсін. 2. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2010 жылғы 16 сәуірдегі № 319 қаулысымен бекітілген
Ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісін басқару жүйелерін субсидиялауға байланысты іс-шараларды қаржыландыру ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісін басқару жүйелерін субсидиялауға байланысты іс-шараларды қаржыландыру ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі, «2010 - 2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2009 жылғы 7 желтоқсандағы заңдарына сәйкес әзірленді және агроөнеркәсіптік кешен салалары кәсіпорындарының халықаралық стандарттарды әзірлеу, енгізу және сертификаттау жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялауға байланысты іс-шараларды қаржыландыру тәртібін белгілейді. 2. Субсидиялауға байланысты іс-шараларды қаржыландыру 051 «Ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісін басқару жүйелерін субсидиялау» республикалық бюджеттік бағдарламасы (бұдан әрі - бағдарлама) бойынша тиісті жылдарға арналған республикалық бюджет қаражаты (бұдан әрі - қаражат) есебінен жүзеге асырылады. 3. Осы Ережеде мынадай ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады: 1) бағдарламаның әкімшісі - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|