|
Украинаның Президенті Виктор Януковичтің Қазақстан Республикасына ресми сапарын дайындау және өткізу туралы
Украина Президенті Виктор Януковичтің Қазақстан Республикасына ресми сапарын дайындау және өткізу мақсатында: 1. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі 2010 жылғы 7 сәуірде Астана қаласында Украина Президентінің Қазақстан Республикасына ресми сапарын (бұдан әрі - сапар) дайындау және өткізу жөніндегі протоколдық-ұйымдастыру іс-шараларын қамтамасыз етсін. 2. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы (келісім бойынша): 1) қосымшаға сәйкес «1+10» форматы бойынша Украина ресми делегациясының мүшелеріне қызмет көрсету жөнінде ұйымдастыру шараларын қабылдансын; 2) 2010 жылға арналған республикалық бюджеттен 001 «Мемлекет басшысының, Премьер-Министрдің және мемлекеттік органдардың басқа да лауазымды адамдарының қызметін қамтамасыз ету» және 003 «Халықтың республикалық деңгейдегі санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы» бағдарламалары бойынша көзделген қаражат есебінен сапарды өткізуге қатысты шығыстарды қаржыландыруды қамтамасыз етсін. 3. Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Украинаның ресми делегациясы мүшелерінің Астана қаласының әуежайындағы, тұратын және болатын орындарындағы қауіпсіздігін, жүретін бағыттары бойынша бірге жүруді, сондай-ақ арнайы ұшақты күзетуді қамтамасыз етсін. 4. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі белгіленген тәртіппен: 1) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігімен бірлесіп, Украина Президентінің арнайы ұшағының Қазақстан Республикасының аумағы үстінен ұшып өтуін, Астана қаласының әуежайына қонуын және одан ұшып шығуын; 2) Астана қаласының әуежайында арнайы ұшаққа техникалық қызмет көрсетуді, оның тұрағын және жанармай құюды қамтамасыз етсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|