«Білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыс беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 124 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ҚР Білім және ғылым министрінің м. а. 2012 жылғы 17 тамыздағы № 386 бұйрығымен күші жойылды
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабының 17) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. «Білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыс беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 124 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5192 тіркелген, «Заң газетінің» 2008 жылғы 23 мамырдағы № 77 жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыс беру ережесінде: 8-тармақта: «сырқаттанушы (жүкті) адамға» деген сөздер «сырқаттанушыға және жүктіге» деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұнда екінші абзацпен толықтырылсын: «Сонымен қатар, академиялық демалыс бала күтіміне байланысты үш жылға дейін беріледі.»; «білім беру ұйымының басшысы» деген сөздерден кейін «үш жұмыс күнінің ішінде» деген сөздермен толықтырылсын; «білім саласындағы өкілетті органға» деген сөздерден кейін «үш жұмыс күнінің ішінде» деген сөздермен толықтырылсын; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|