2010 жылы азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 19, 20, 23 баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 наурыздағы «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» № 960 Жарлығын жүзеге асыру мақсатында Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтарды 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсаны аралығында мерзімді әскери қызметке шақыру ұйымдастырылсын. 2. Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды басқаруды үйлестіру және бақылауды ұйымдастыру үшін облыстық шақыру комиссиясының құрамы 1 қосымшаға сәйкес құрылсын. 3. Қалалар мен аудан әкімдіктері: 1) қалалық және аудандық шақыру комиссияларын құрсын; 2) шақыру комиссияларының жұмысын қамтамасыз ету және мерзімді әскери қызметке шақырылуға жататын азаматтардың шақыру учаскелеріне ұйымдасқан түрде келулері жөніндегі қажетті іс шаралар қабылдасын; 3) шақыру пунктін (шақыру учаскелері) жабдықтауды, дәрі-дәрмекпен, құралдармен, медициналық және шаруашылық мүліктермен, автомобиль көлігімен қамтуды, сондай-ақ байланыс құралдарымен қамтамасыз етсін; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|