Кешенді сот сараптамаларын жүргізуді ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
ҚР Әділет министрінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 53 бұйрығымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Кешенді сот сараптамаларын жүргізуді ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық бекітілсін. 2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Әділет вице-министріне жүктелсін. 3. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әділет министрінің 2010 жылғы 22 сәуірдегі № 134 бұйрығымен бекітілген
Кешенді сот сараптамаларын жүргізуді ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық
1. Осы нұсқаулық «Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 29-бабына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сот сараптамасы органдарында қылмыстық, азаматтық істер және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша кешенді сот сараптамаларын жүргізуді ұйымдастыру ерекшеліктерін нақтылайды. 2. Кешенді сот сараптамаларын жүргізу қылмыстық, азаматтық істердің немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы істердің жағдайларын жан-жақты зерттеу мақсатында бірлескен қорыту және жүргізілген зерттеулер нәтижесінде жалпы қорытындыларды жасау үшін әртүрлі арнайы білімі бар сот сарапшыларын тарту қажет болған жағдайда ұйымдастырылады. 3. Кешенді сот сараптамаларын жүргізу үшін анықтауды жүргізуші адамның, тергеушінің, прокурордың қаулысы, соттың ұйғарымы негіз болып табылады. Сот сараптамасы органының басшысы сот сараптамасын тағайындау туралы қаулыға, ұйғарымға сәйкес ұсынылған материалдар бойынша кешенді сараптама жүргізу туралы да дербес шешім қабылдауға құқылы. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|