Ұлттық нарықтарға тауарлар мен қызметтерді ілгерілету үшін ақпараттық-маркетингтік орталықтардың мемлекетаралық желісін құрудағы, пайдаланудағы және дамытудағы ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ынтымақтастығы туралы
ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 4 қазандағы № 1136 Қаулысымен бекітілді
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің үкіметтері, Тараптар мемлекеттерінің ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің 2007 жылғы 5 қазандағы шешімімен бекітілген ТМД одан әрі дамыту тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі негізгі іс-шаралар жоспарын орындау жөніндегі, сондай-ақ ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің 2008 жылғы 14 қарашадағы шешімімен бекітілген Тәуелсіз Мемлекеттік Достастығын экономикалық дамытудың 2020 жылға дейінге кезеңге арналған стратегиясын орындау жөніндегі экономикалық ынтымақтастықтың басым бағыттарының бірі ретінде ұлттық нарықтарға тауарлар мен қызметтерді ілгерілету үшін ақпараттық-маркетингтік орталықтардың мемлекетаралық желісін құрудағы, пайдаланудағы және дамытудағы ынтымақтастықты қамтамасыз ету мақсатында, ақпараттық-маркетингтік орталықтардың мемлекетаралық желісін құру әлеуметтік-экономикалық және гуманитарлық процестердің тиімділігін арттыратына, сауда байланыстарын нығайтатынына, тең әрі өзара пайдалы негізде Тараптар мемлекеттерінің өзара электронды іс-қимылының жаңа мүмкіндіктеріне қол жеткізуге жол ашатынына сенімділігін растай отырып, төмендегілер туралы келісті:
Тараптар келіскен әдіснамалық негізде ақпараттық-маркетинтік орталықтардың ұлттық желілерін одан әрі құру, пайдалану және дамыту жөнінде іс-шаралар жүргізу және сыртқы экономикалық қызметтің тиімділігін арттыру мақсатында Тараптар мемлекеттерінің тауарлары мен қызметтерін олардың ұлттық нарықтарына ілгерілету үшін оларды мемлекетаралық желіге біріктіру осы Келісімнің мақсаты болып табылады.
Осы Келісімнің мақсаттары үшін пайдаланылатын терминдер мынадай мағынада болады: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|