|
2010 жылғы 31 мамырда Астанада қол қойылған Қазақстан Республикасы мен Халықаралық
ҚР 2010 жылғы 15 шілдедегі № 329-IV Заңымен ратификацияланды
Қазақстан Республикасы («Қарыз алушы») мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі («Банк») арасындағы Даму бағдарламасын қолдау үшін (осы Келісімге Толықтыруда анықталғандай) қаржыландыруды қамтамасыз ету мақсатында жасасқан 201__ жылғы __________ Келісім. Банк осы қаржыландыру туралы шешімді, басқалар арасында, (а) Қарыз алушының Бағдарлама шеңберінде қабылдаған және осы Келісімге 1-қосымшаның 1-бөлімінде баяндалған іс-қимылдар және (б) Қарыз алушының тиісті макроэкономикалық саясатты қолдауы негізінде қабылдады. Осымен Қарыз алушы мен Банк мына төмендегілер туралы уағдаласты:
1-БАП - ЖАЛПЫ ШАРТТАР; АНЫҚТАМАЛАР
1.01. Жалпы шарттар (осы Келісімге Толықтыруда анықталған) осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылады. 1.02. Егер түпмәтінінен өзгеше туындамаса, онда осы Келісімде пайдаланылатын бас әріптен басталатын терминдердің Жалпы шарттарда немесе осы Келісімге Толықтыруда жазылған мәндері болады.
2.01. Банк Қарыз алушыға осы Келісімде баяндалған немесе көрсетілген мерзімге және шарттарда бір миллиард АҚШ долларына тең ($ 1 000 000 000) соманы беруге келісті және осы сома осы Келісімнің («Қарыз») 2.07-тармағының ережелеріне сәйкес валюта Конверсиясы арқылы кезең-кезеңмен айырбасталуы мүмкін. 2.02. Қарыз алушы Бағдарламаны қолдау үшін Қарыз қаражатын осы Келісімге 1-қосымшаның II бөліміне сәйкес алуға құқығы бар. 2.03. Қарыз алушы төлеуге тиіс Бір жолғы комиссия Қарыз сомасының бір пайызының (0,25 %) төрттен бір бөлігін құрайды. Қарыз алушы Бір жолғы комиссияны Күшіне енген күннен кейінгі алпыс күннен кешіктірмей төлейді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|