Еуразиялық экономикалық қауымдастыққа мүше мемлекеттердің білім беру ұйымдарын/мекемелерін
ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 17 қыркүйектегі № 961 Қаулысымен бекітілді
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Еуразиялық экономикалық қауымдастыққа (бұдан әрі - ЕурАзЭҚ) мүше мемлекеттердің үкіметтері, 2002 жылғы 26 ақпандағы өзгерістерімен 1998 жылғы 24 қарашадағы Беларусь Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қырғыз Республикасы Үкіметінің, Ресей Федерациясы Үкіметінің және Тәжікстан Республикасы Үкіметінің арасындағы білім, ғылыми дәрежелер мен атақтар туралы құжаттарын өзара тану және олардың баламалылығы туралы келісімнің ережелерін ескере отырып, білім саласындағы бірлескен іс-қимылды үйлестірудің және жалпы білім беру кеңістігін қалыптастырудың маңыздылығын негізге ала отырып, білім сапасын қамтамасыз ету үшін келісілген әдістерді құрудағы өзара іс-қимылдың орындылығын тани отырып, төмендегілер туралы келісті:
Осы Келісімнің мақсаты үшін төменде келтірілген терминдер мыналарды білдіреді: аккредиттеу - мемлекеттің немесе қоғамдық ұйымның білім беру ұйымының/мекемесінің (білім беру бағдарламаларының) қызметін белгіленген өлшемдерге, талаптарға, нормалар мен білім беру стандарттарына жауап беретін қызметтер ретінде кезеңдік бағалауы және тануы; аттестаттау - мемлекеттің білім беру ұйымы/мекемесі көрсететін білім беру қызметтерінің білім беру стандарттарының талаптарына сәйкестігін кезеңдік бағалауы; білім сапасы — білімнің (алынған және алынатын) тұлғаның, қоғамның, мемлекеттің қажеттіліктері мен мүдделеріне сәйкестігі; білім беру бағдарламасы - белгілі бір деңгейдегі және/немесе бағыттағы білімнің негізгі мақсаттарының, міндеттері мен мазмұнының, сондай-ақ білім беру стандартымен белгіленген мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу үшін қажетті білім беру іс-шараларының тізбесі мен бірізділігінің жиынтығы.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|