«Қостанай қаласының 2010-2012 жылдарға арналған бюджеті туралы»
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 111-бабына, Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінің 56-бабы 1-тармағы 4)-тармақшасына, «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабына, «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабына, «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 11-тармақшасына, «Қостанай қаласының 2010-2012 жылдарға арналған бюджеті туралы» Қостанай қалалық мәслихатының 2009 жылғы 24 желтоқсандағы № 253 шешіміне (тіркеу нөмірі 9-1-137) сәйкес, Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Жергілікті бюджеттен мынадай әлеуметтік төлемдер түрлері белгіленсін: 1) Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне тұрмыстық мұқтаждыққа айлық есептік көрсеткіштің отыз пайызы көлемінде ай сайынғы әлеуметтік көмек; Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне арыз берген айдан бастап тұрмыстық мұқтаждыққа ай сайынғы әлеуметтік көмек тағайындалады және өтініш беруші қайтыс болғанға немесе оның Қостанай қаласының аумағынан тыс жерге тұрақты тұруға кетуіне байланысты тоқтатылады. Төлемдер көрсетілген жағдайлар орын алған айдан кейінгі айдан бастап тоқтатылады; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|