Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің үкіметтері арасындағы
ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 25 ақпандағы № 185 Қаулысымен бекітілді 2014 жылғы 15 тамызда күшіне енді
Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің үкіметтері (бұдан әрі - Тараптар деп аталатын) Шанхай ынтымақтастық ұйымына (бұдан әрі - ШЫҰ) мүше мемлекеттердің халықтары арасындағы достық қарым-қатынастарды дамыту және нығайту мақсатында тең құқық және өзара сыйластық негізінде, 2002 жылғы 7 маусымдағы ШЫҰ хартиясының, 2007 жылғы 16 тамыздағы ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің ұзақ мерзімді тату көршілігі, достығы мен ытымақтастығы туралы шарттың ережелерін, сондай-ақ ШЫҰ-ның басқа да құжаттарын басшылыққа ала отырып, ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер арасындағы ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты күшейтуге ұмтыла отырып, төмендегілер туралы келісті:
Тараптар ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің ұлттық заңнамасына сәйкес ауыл шаруашылығының мынадай бағыттары бойынша ынтымақтастықты дамытады: - егіншілік; - мал шаруашылығы; - бал ара шаруашылығы; - ветеринария; - селекция, тұқым шаруашылығы және асыл тұқымдандыру ісі; - мелиорация, суландыру және ауыл шаруашылығын суландыру, - ауыл шаруашылығы өнімін өңдеу және оның саудасы; - ауыл шаруашылығы машиналарын жасау; - ауыл шаруашылығы саласындағы ғылыми зерттеулер. Тараптардың өзара уағдаласуы бойынша қосымша ынтымақтастықтың басқа бағыттары енгізілуі мүмкін.
Осы Келісімнің 1-бабында көрсетілген ынтымақтастық бағыттары ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің ұлттық заңнамасына сәйкес мынадай нысандарда іске асырылады: - ауыл шаруашылығы саласындағы ғылыми және инновациялық жетістіктермен алмасу; - ауыл шаруашылығының озық техникасымен және қазіргі заманғы технологияларымен алмасу; - бірлескен инвестициялық ауыл шаруашылығы жобаларын әзірлеу және іске асыру; - Тараптар өткізетін ауыл шаруашылық және инновациялық көрме-жәрмеңкелерге қатысу; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|