|
|
|
Қазақстан Республикасының
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжат; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97, 115, 117-құжат; № 24, 121, 122, 125, 129, 130, 133, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1, 4, 5-құжаттар; № 5, 23-құжат; 2010 жылғы 21 сәуірде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2010 жылғы 21 сәуірде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 8 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы): 1) 701-бап мынадай редакцияда жазылсын: «701-бап. Әкімшілік жаза қолдану туралы қаулының орындалуын кейінге қалдыру және созу Әкімшілік қамау, арнаулы құқықтан айыру немесе айыппұл салу (әкімшілік құқық бұзушылық жасалған жерде айыппұл өндіріп алуды қоспағанда) түрінде әкімшілік жаза қолдану туралы қаулылардың орындалуын заңда белгіленген мерзімде мүмкін етпейтін мән-жайлар болған кезде қаулыны шығарған судья, орган (лауазымды адам) өзі жөнінде қаулы шығарылған адамның арызы бойынша қаулының орындалуын бір айға дейінгі мерзімге кейін қалдыра алады. Әкімшілік жауапқа тартылған адамның материалдық жағдайын ескере отырып, қаулыны шығарған судья, орган (лауазымды адам) айыппұл төлеуді үш айға дейінгі мерзімге созуы мүмкін. Қазақстан Республикасының Үкіметі «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының екінші бағытына қатысушы тұлғаға салық берешегін төлеу мерзімін кейінге қалдыру туралы шешім қабылдаған жағдайда мұндай тұлғаға әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы шығарған салық органы мұндай тұлғаның айыппұл түрінде 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының Үкіметі шешім шығарған күн аралығында жиналып қалған салық берешегіне қатысты өз қаулысының орындалу мерзімін осындай шешімде көрсетілген мерзімге кейінге қалдыру туралы шешім қабылдайды.»; 2) 702-баптың 4) тармақшасындағы «мерзімі өткен жағдайларда әкімшілік жаза қолдану туралы қаулының орындалуын қысқартып, әкімшілік жазадан босатады.» деген сөздер «мерзімі өткен;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын: «5) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының кодексін қолданысқа енгізу туралы заңнамалық актісінде көзделген жағдайларда әкімшілік жаза қолдану туралы қаулының орындалуын қысқартып, әкімшілік жазадан босатады.». 1-баптың 2-тармағы 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді 2. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-І, 22-ІІ, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; 2010 жылғы 21 сәуірде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2010 жылғы 23 сәуірде «Егемен Қазақстан» және 2010 жылғы 22 сәуірде «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бюджет процесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы): 1) 77-баптың 4-тармағы мынадай мазмұндағы 3-2) тармақшамен толықтырылсын: «3-2) қаржы лизингіне берілген мүлік жөніндегі;»; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес үш жылдан асатын мерзімге жасалған лизинг шарты бойынша мүлікті беру, егер ол мынадай талаптардың біріне сай келсе: 1) лизинг шартында мүліктің лизинг алушының меншігіне берілуі және (немесе) лизинг алушыға мүлікті тіркелген баға бойынша сатып алу құқығының берілуі белгіленсе; 2) қаржы лизингінің мерзімі қаржы лизингі бойынша берілетін мүліктің пайдалы қызмет мерзімінің жетпіс бес пайызынан асып кетсе; 3) қаржы лизингінің бүкіл мерзімі үшін лизингтік төлемдердің ағымдағы (дисконтталған) құны қаржы лизингі бойынша берілетін мүлік құнының тоқсан пайызынан асып кетсе, қаржы лизингі болып табылады. Лизинг нысаналарын қайталама лизингке беру де қаржы лизингі болып табылады. Осы Кодекстің мақсаттары үшін қайталама лизинг деп лизинг шарты (бұдан әрі осы баптың мақсаттары үшін - бастапқы лизинг шарты) тоқтатылған, бұзылған не лизинг нысаналары санының өзгеруіне байланысты ол өзгертілген жағдайда лизинг берушінің меншігінде қалған лизинг нысаналарын басқа лизинг алушыға (алушыларға) лизингке мынадай талаптарды бір мезгілде сақтай отырып беру танылады: бастапқы лизинг шартын бұзу, тоқтату не өзгерту күні мен қайталама лизинг шартын (шарттарын) жасасу күні осы Кодекстің 269-бабында белгіленген бір салық кезеңіне дәл келсе; лизинг нысаналарының санына, лизинг төлемдеріне және лизинг мерзіміне арналған талаптарды қоспағанда, бастапқы лизинг шартында көзделген талаптар қайталама лизинг шартында (шарттарында) сақталса; қайталама лизингке бастапқы лизинг шарты бойынша олардың жалпы санынан аспайтын мөлшерде лизинг нысаналары берілсе; егер бастапқы лизинг шарты бойынша аннуитеттік төлем әдісі көзделген жағдайда - қайталама лизинг шарты (шарттары) бойынша лизингтік төлемдердің жалпы сомасы лизингтік төлемдер сомасына азайтылған, лизинг алушыдан бастапқы лизинг шарты бойынша алынған, бастапқы лизинг шарты бойынша лизингтік төлемдердің жалпы сомасынан аспаса; егер бастапқы лизинг шарты бойынша тең үлестермен төлеу әдісі көзделген жағдайда - қайталама лизингке берілетін лизинг нысанасының құны бастапқы лизинг шарты бойынша лизинг нысанасының төленбеген құнынан аспаса, қайталама лизинг шарты (шарттары) бойынша сыйақы ставкасының мөлшері бастапқы лизинг шарты бойынша сыйақы ставкасының мөлшерінен аспаса; лизинг нысаналары қайталама лизингке кемінде үш жыл мерзімге берілсе. Осы Кодекстің мақсаттары үшін мүлікті қаржы лизингіне беру лизинг берушінің мүлікті лизинг алушыға өткізуі ретінде қаралады. Бұл ретте лизинг алушы лизинг нысанасының иесі ретінде, ал лизингтік төлемдер лизинг алушыға берілген кредит бойынша төлемдер ретінде қаралады. Осы Кодекс мақсаттарында: аннуитеттік төлемдер әдісі - лизингтік төлемдер тең уақыт аралығы арқылы тең сомалармен белгіленетін лизингтік төлемдерді есептеу әдісі; тең үлестермен төлеу әдісі - лизинг бойынша сыйақыны қоспағанда, лизингтік төлемдер тең сомалармен белгіленетін лизингтік төлемдерді есептеу әдісі.»; 1) тармақшаның алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «лизинг нысаналары қайталама лизингке берілген жағдайлардан басқа осындай шарттар жасасу күнінен бастап үш жыл өткенге дейін олар бойынша лизинг шарттары бұзылған (лизинг шарты бойынша міндеттемелер тоқтатылған) жағдайдағы лизингтік мәмілелер;»; жетінші-тоғызыншы абзацтар алып тасталсын; мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын: «3-1) лизинг беруші ауыстырылған лизингтік мәмілелер;». 3. «Трансферттік баға белгілеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 15-16, 65-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат): 1) 2-бап мынадай редакцияда жазылсын: «2-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) ақпарат көздерінен алынған баға - ресми танылған ақпарат көздерінен, биржалық белгіленімдер туралы деректерден, уәкілетті органдардан, сондай-ақ басқа да ақпарат көздерінен алынған баға; 2) бағалар ауқымы - осы Заңда белгіленген тәртіппен нарықтық бағаларды айқындау әдістерінің бірін немесе ақпарат көздерін қолдану нәтижесінде айқындалған нарықтық бағалардың ең төменгі және ең жоғарғы мәндерімен шектелген нарықтық бағалардың бірқатар мәндері; 3) белгіленім кезеңі - мәміле шарттарына сәйкес мәміле тараптары тиісті биржалық тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің), сондай-ақ бағалары биржалық тауарлардың белгіленімдеріне байланыстырылған биржалық емес тауарлардың күнделікті орташа арифметикалық баға белгіленімдерінің орташа арифметикалық мәнін айқындайтын кезең ішінде тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) өткізуге арналған келісімшартта белгіленген, бірақ биржадағы баға белгіленімдері жарияланған қатарынан күнтізбелік отыз күннен аспайтын баға белгілеу кезеңі; 4) бірдей тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) - өздеріне тән бірдей негізгі белгілері: физикалық сипаттамалары, сапасы және рыноктағы өтімділігі, шығарған және өндірген елі бар тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер); 5) бірдей (ал олар болмаған жағдайда - біртекті) тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) тиісті рыногы - нарықтық баға қалыптасатын тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) межелі (берілетін) рыногы немесе тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) межелі (берілетін) рыногының базасында нарықтық баға объективті түрде қалыптасатын және (немесе) айқындалатын рынок; 6) біртекті тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) - бірдей болмаса да ұқсас сипаттағы және ұқсас құрамдастардан тұратын, бұл оларға бір ғана функцияларды атқаруға және оларды өзара алмастыруға мүмкіндік беретін тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер); 7) дифференциал - мәміле бағасын немесе ақпарат көзінен алынған бағаны салыстырымды экономикалық шарттарға келтіру үшін қолданылатын түзету мөлшері; 8) жеңілдікті салық салынатын мемлекет - Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес айқындалатын шет мемлекет; 9) комиссиялық (агенттік) сыйақы - мәмілеге қатысушы мен сауда брокері, трейдер немесе агент арасындағы жеке келісімде көзделген, жасалған мәміле сомасы немесе сомасының пайызы түрінде төленетін, тауарды сатып алу-сату, жұмысты орындау, қызметті көрсету бойынша сауда брокерінің, трейдердің немесе агенттің көрсеткен қызметі үшін төлемақы; 10) Қазақстан Республикасының аумағында жасалатын, халықаралық іскерлік операциямен тікелей өзара байланысты мәміле - кейіннен халықаралық іскерлік операцияның мәні болып табылатын тауарларды сатып алу-сату, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету жөніндегі мәміле; 11) қолданылатын бағаның экономикалық негіздемесі - мәміле бағасының қолданылу негізділігін растайтын және уәкілетті органдарға берілетін құжаттар мен ақпарат; 12) «қол созу» принципі - өзара байланысты тараптар арасындағы мәмілелер шарттарын осы Заңда белгіленген тәртіппен айқындалатын нарықтық баға бойынша мәмілелерді жүзеге асыратын тәуелсіз тараптар арасындағы мәмілелер шарттарымен салыстыру негізінде бағалар ауқымын ескере отырып, нарықтық бағаны айқындау үшін қолданылатын принцип; 13) маржа - тауарларды сатып алу-сату, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету жөніндегі мәмілелерді жүргізу нәтижесінде сауда брокері, трейдер немесе агент алатын сома; 14) маржаның ауқымы - салыстырымды экономикалық шарттарда «қол созу» принципіне сәйкес айқындалған нарықтық маржаның ең төменгі және ең жоғарғы мәндерімен шектелген бірқатар мәндер; 15) мәміле бағасы - осы Заңмен реттелетін мәмілені жасау кезінде мәмілеге қатысушылар қолданатын тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) бағасы; 16) мәмілеге қатысушы - осы Заңмен реттелетін мәмілені жасасқан жеке немесе заңды тұлға; 17) мәмілелер мониторингі бойынша есептілік - трансферттік бағаларды қолдана отырып есепті кезең ішінде жасалған мәмілені қоса алғанда, уәкілетті органдар бекітетін тәртіп пен нысанға сәйкес мәмілеге қатысушы жыл сайын салық қызметі органдарына ұсынатын мәмілелер бойынша деректер; 18) нарықтық баға - «қол созу» принципіне сәйкес айқындалатын салыстырымды экономикалық шарттарда бірдей (ал олар болмаған жағдайда - біртекті) тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) нарығындағы сұраныс пен ұсыныстың өзара іс-қимылы кезінде қалыптасқан тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) бағасы; 19) рентабельділік нормаларының ауқымы - салыстырымды экономикалық шарттарда «қол созу» принципіне сәйкес айқындалған рентабельділік нормаларының ең төменгі және ең жоғарғы мәндерімен шектелген рентабельділік нормаларының бірқатар мәндері; 20) рентабельділік нормасы - негізгі қызметтен түскен, тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) өткізуден алынған бухгалтерлік пайданың осы тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) өндіруге және өткізуге жұмсалған шығындарға қатынасы; 21) салықтар бойынша жеңілдіктер - салық төлеушілердің жекелеген санаттары бойынша салық міндеттемелерінен босату (оларды азайту), инвестициялар жөніндегі келісімшартқа сәйкес инвестициялық салық преференцияларының болуы немесе қызметті арнайы экономикалық аймақтар аумағында жүзеге асыру; 22) салыстырымды экономикалық шарттар - егер мұндай шарттар арасындағы айырмашылық бағаға ықпал етпесе немесе мәмілелердің шарттарын осы Заңға сәйкес салыстырымды экономикалық шарттарға келтіру мақсатында түзету мүмкін болса, бірдей (ал олар болмаған жағдайда - біртекті) тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) нарығындағы мәмілелердің шарттары; 23) сауда брокері, агент - мәмілеге қатысушымен жасалған агенттік келісімнің шарттарына сәйкес делдалдық қызмет көрсетулерді орындайтын тұлға; 24) сауда-делдалдық функцияларды орындағаны үшін өтемақы - сауда-делдалдық қызмет көрсетулерді жүзеге асырғаны үшін мәміле тараптары бірінің ақшалай сыйақы немесе тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) өткізу бағасына жеңілдіктер беру (бағаны кеміту) нысанындағы өтеуі; 25) трансферттік баға (трансферттік баға белгілеу) - өзара байланысты тараптар арасында қалыптасатын және (немесе) тәуелсіз тараптар арасында мәмілелер жасау кезінде бағалар ауқымы ескеріле отырып, объективті түрде қалыптасатын нарықтық бағадан айырмашылығы болатын, осы Заңға сәйкес бақылауға жататын баға; 26) трансферттік баға белгілеуді қолдану жөніндегі келісім - белгілі бір кезеңге нарықтық бағаны айқындау әдісі және нарықтық бағаны айқындау үшін қолданылатын ақпарат көзі белгіленетін, уәкілетті органдар мен мәмілеге қатысушының арасындағы жазбаша шарт; 27) трейдер - тауарларды сатып алу-сату, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде дербес және (немесе) мәмілеге қатысушының тапсырмасы бойынша делдалдық функцияларды жүзеге асыратын тұлға; 28) түпкі тұтынушы - мәмілеге қатысушылармен осындай мәмілеге қатысушылар жүзеге асыратын мәміленің экономикалық нәтижелеріне ықпал ететін ерекше өзара қарым-қатынастары жоқ тәуелсіз тарап; 29) уәкілетті органдар - Қазақстан Республикасының салық қызметі органдары мен кеден органдары; 30) ұзақ мерзімдік баға - ресми танылған ақпарат көздерінде және (немесе) мәмілеге қатысушылар арасындағы келісімшартта (шартта) белгілі бір кезеңге белгіленген мәміле бағасы; 31) халықаралық іскерлік операциялар - тауарларды сатып алу-сату жөніндегі экспорттық және (немесе) импорттық мәмілелер; тұрақты мекеме құрмастан Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыратын, резидент емес болып табылатын тараптардың бірінің жұмыстар орындау, қызметтер көрсету жөніндегі мәмілелері; Қазақстан Республикасы резиденттерінің Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерлерде тауарларды сатып алу-сату, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету жөнінде жасаған мәмілелері.»; 2) 3-баптың 1-тармағы 2) тармақшасының төртінші абзацындағы «мәмілелер бойынша олар халықаралық іскерлік операциялармен тікелей өзара байланысты болған жағдайда» деген сөздер «халықаралық іскерлік операциялармен тікелей өзара байланысты мәмілелер бойынша» деген сөздермен ауыстырылсын; 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «2. Уәкілетті органдардың осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де құқықтары бар.»; 3-тармақ мынадай мазмұндағы 3-1) және 3-2) тармақшалармен толықтырылсын: «3-1) мәмілеге қатысушының трансферттік баға белгілеуді қолдану жөнінде келісім жасасуға өтінішін мәмілеге қатысушыдан өтініш алған күннен бастап тоқсан жұмыс күні ішінде қарауға; 3-2) мәмілеге қатысушының өтінішін қарау нәтижелері бойынша шешім қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде трансферттік баға белгілеуді қолдану жөнінде келісім жасасудан бас тартудың себептерін көрсете отырып, мәмілеге қатысушыға жазбаша жауап жіберуге;»; 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «4. Уәкілетті органдар осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де міндеттерді атқарады.»; 1-тармақта: мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын: «3-1) бақылауды жүзеге асыру және салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаларға шағым жасау барысында қолданылатын бағаның экономикалық негіздемесін және қолданылатын бағаны растайтын басқа да ақпаратты уәкілетті органдарға беруге;»; 5) тармақша «мәміленің бағасын және» деген сөздерден кейін «(немесе)» деген сөзбен толықтырылсын; 3-тармақтың 4) тармақшасындағы және 4-тармақтағы «осы Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен көзделген тәртіппен басқа да» және «осы Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен көзделген басқа да» деген сөздер тиісінше «осы Заңда көзделген тәртіппен өзге де» және «осы Заңда көзделген өзге де» деген сөздермен ауыстырылсын; 5) 6-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «4. Мәмілелер мониторингін жүзеге асыру ережелерін уәкілетті органдар бекітеді және оларда мәмілеге қатысушының мәмілелер мониторингі бойынша бекітілген есептілік нысандарын толтыру және оларды уәкілетті органдарға ұсыну тәртібі, сондай-ақ мәмілелер мониторингі бойынша құжаттама жүргізу тәртібі қамтылады.»; тақырып мынадай редакцияда жазылсын: «7-бап. Мәмілелер мониторингі бойынша есептілік және құжаттама»; 1-тармақта: 1) тармақшаның алтыншы абзацы алып тасталсын; 3), 4) және 8) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: «3) ақпарат көзін; 4) осы Заңның 3-бабында көрсетілген мәмілелер бойынша, шарттардан (келісімшарттардан), шот фактуралардан (инвойстардан), кедендік жүк декларацияларынан алынған мәліметтерден, қаржы ұйымдары ұсынатын мәліметтерден, сондай-ақ дифференциалды айқындау үшін қажетті өзге де мәліметтерден тұратын ақпаратты;»; «8) маржаны, сауда брокерінің, трейдердің немесе агенттің комиссиялық (агенттік) сыйақысын не олардың сауда-делдалдық функцияларды орындағаны үшін өтемақыларды қамтиды. Бұл ретте, егер мәмілеге қатысушылар үшін маржаның құрамдастарын ашатын ақпарат қолжетімді болса, мәмілеге қатысушы мұндай ақпаратты береді және егер маржа сауда брокерінің, трейдердің немесе агенттің комиссиялық (агенттік) сыйақысын не сауда-делдалдық функцияларды орындағаны үшін өтемақыны қамтитын жағдайда, уәкілетті органдар бұл құрамдастарды бақылауды жүзеге асыру кезінде есепке алмайды;»; 2-тармақтағы «Осы» деген сөз «Мәмілеге қатысушылар, оның ішінде осы» деген сөздермен ауыстырылсын; 7) 10-бап мынадай редакцияда жазылсын: «10-бап. Салық салу объектілеріне және (немесе) салық салумен байланысты объектілерге түзету 1. Тексеру жүргізу барысында бағалар ауқымы ескеріле отырып, мәміле бағасының нарықтық бағадан ауытқу фактісі анықталған кезде, уәкілетті органдар осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген тәртіппен салық салу объектілеріне және (немесе) салық салумен байланысты объектілерге түзету жасайды. 2. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, биржалық тауарлар бойынша ақпарат көздерінде көрсетілген бағалар ауқымы және дифференциал ескеріле отырып, салық салу объектілеріне және (немесе) салық салумен байланысты объектілерге түзету жасалады. Биржалық тауарлардың тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. 3. Егер осы баптың 4-тармағында өзгеше көзделмесе, ауыл шаруашылығы өнімімен мәмілелер бойынша мәміленің бағасы нарықтық бағадан он проценттен артық ауытқыған кезде, салық салу объектілеріне және (немесе) салық салумен байланысты объектілерге түзету жасалады. 4. Ағымдағы күнтізбелік жылдың алдағы айларының бірінде өндірілген (алынған) ауыл шаруашылығы өніміне қатысты ағымдағы күнтізбелік жылдың 15 наурызы мен 1 шілдесі аралығындағы кезеңде жасалған экспорттық шарттар бойынша, егер экспорттық келісімшарт жасалғаннан кейін он бес жұмыс күні ішінде осы ауыл шаруашылығы өнімінің бөлек есебі жүргізілген және мәмілеге қатысушының (сатушының) банктік шоттарына резидент еместен экспорттық келісімшарттың жалпы сомасының кемінде елу проценті мөлшерінде ақшалай қаражат түскен жағдайда, мәміле бағасы мамандандырылған ұйымның ағымдағы күнтізбелік жылға белгіленген коммерциялық сатып алу бағасынан төмен болмаса, салық салу объектілеріне және (немесе) салық салумен байланысты объектілерге түзету жасалмайды. 5. Салық салу объектілеріне және (немесе) салық салумен байланысты объектілерге түзету мәміле бағасының ақпарат көзінде көрсетілген орташа мәні ретінде айқындалған нарықтық бағадан ауытқуы кезінде мыналармен: 1) жеңілдікті салық салынатын мемлекетте тіркелген; 2) тауар айырбастау (бартерлік) операцияларын жүзеге асыратын; 3) мәміле жасалған жылдың алдындағы соңғы екі салық кезеңінде салық декларацияларының деректері бойынша залал шеккен; 4) салықтар бойынша жеңілдіктері бар; 5) қарсы біртекті талапты есепке алу (талапты басқаға беру кезіндегі есепке алуды қоса алғанда) жолымен жүргізілетін мәмілелер жөніндегі міндеттемелерді орындауды жүзеге асыратын қатысушылармен жасалатын мәмілелерге жасалады. 6. Салық салу объектілеріне және (немесе) салық салумен байланысты объектілерге түзету жасау негізінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айыппұлдар мен өсімпұлдар қолданыла отырып, осы мәмілелердің есепті кезеңдегі табыстары немесе шығыстары және басқа да салық салу объектілері бағалар ауқымы ескеріле отырып, нарықтық баға тұрғысынан айқындалатын жағдайдағыдай болып есептелетін салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу жүргізіледі. 7. Салықтар және (немесе) кедендік төлемдер бойынша жеңілдіктері бар мәмілеге қатысушыда бағалар ауқымы ескеріле отырып, мәміле бағасының нарықтық бағадан ауытқу фактісі анықталған жағдайда, мәміле бағасының нарықтық бағадан ауытқуы анықталған кезеңде салықтарды және төлемдерді төлеу Қазақстан Республикасының салықтық және кедендік міндеттемелерді азайтатын заңнамасының арнайы ережелері қолданылмастан, жалпы белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |