Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың бюджеттік есептілікті жасау және беру ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 644 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ҚР Қаржы министрінің 2014 жылғы 31 шілдедегі № 324 бұйрығымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бюджет процесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы 2010 жылғы 2 сәуірдегі № 263 Заңын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 1. «Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың бюджеттік есептілікті жасау және беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 644 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5489 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: осы бұйрықпен бекітілген Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың бюджеттік есептілікті жасау және беру ережесінде: 2) тармақша алынып тасталсын; 4) тармақшада «тіркелген» деген сөз «қабылданған» деген сөзбен ауыстырылып, «.» тыныс белгісі «,» тыныс белгісімен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын: «5) ағымдағы қаржы жылы одан әрі пайдалану (түгел пайдалану) туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе жергілікті атқарушы орган шешім қабылдамаған, өткен қаржы жылы пайдаланылмаған (түгел пайдаланылмаған) республикалық немесе облыстық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттер сомаларын қайтару.»; 1) тармақша мынадай редакцияда баяндалсын: «1) есепті айдағы жергілікті бюджет көрсеткіштерінің атқарылуы туралы деректер - бюджет түсімдерін санаттары, сыныптары, қосымша сыныптары мен бюджет түсімдерін жіктеу ерекшелігі бойынша және бюджет шығыстарын функционалдық топтары, функционалдық кіші топтары, бюджеттік бағдарламалар әкімшілері, бағдарламалар, кіші бағдарламалар бойынша толық көлемде электрондық деректер базасы түрінде және қағаз тасығышта есептіден кейінгі айдың 2 күнінен кешіктірілмей.»; 2) тармақшада «8» деген сан «10» деген санмен ауыстырылсын; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|