Кеден одағында тарифтік емес реттеу шеңберінде дәрілік заттар мен фармацевтикалық субстанциялардың импорты
2010 жылғы 1 қаңтардан бастап Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы Кеден одағын практика жүзінде іске асыру басталды. Кеден одағының негізгі шарты элементтерінің бірі тарифтік емес реттеудің бірыңғай шаралары болып табылатын үшінші елдерге қатысты бірыңғай сауды саясатын қолдану болып табылады. Осы мақсатта, 2009 жылғы 27 қарашада Минск қаласында мемлекет басшылары деңгейінде өткен ЕуразЭҚ Мемлекетаралық кеңес (Кеден одағының жоғары органы) барысында «Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы Кеден одағын бірыңғай тарифтік емес реттеу туралы» № 19 Шешім қабылданды. Үшінші елдерге қатысты бірыңғай тарифтік емес шараларын қолдану Келісіммен анықталған: - Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 18 қарашадағы № 82-IV Заңымен бекітілген 2008 жылғы 25 қаңтарда Москва қаласында қол қойылған үшінші елдерге қатысты бірыңғай тарифтік емес шаралары туралы; - Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 24 қарашадағы № 207-IV Заңымен бекітілген 2009 жылғы 9 маусымда Москва қаласында қол қойылған тауарлардың сыртқы саудасы саласында лицензиялау ережелері туралы; - Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 24 қарашадағы № 206-IV Заңымен бекітілген үшінші елдерге қатысты бірыңғай кеден аумағындағы тауарлардың сыртқы саудасына қатысты шараларды енгізу және қолдану тәртібі туралы (Москва, 2009 жылғы 9 маусым). Көрсетілген келісімдердің ережелерін іске асыру мақсатында Тараптар ЕуразЭҚ Мемлекетаралық кеңес және Кеден одағы комиссиясының шешімдерімен олар жайлы кеден одағының мемлекет-мүшелері үшінші елдерге қатысты сауданы реттеудің тарифтік емес шараларын қолданатын, сондай-ақ Кеден одағы аумағына әкелу Сыртқы экономикалық қызметтің бірыңғай тауар номенклатурасына (СЭҚ БТН) сәйкес кодтары көрсетілуімен шектелген және оларға жатқызылған Дәрілік заттар және фармацевтикалық субстанциялардың тізбесі енгізілген Тауарлардың бірыңғай тізбесін жасады және бекітті. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|