|
Ең төменгі резервтік талаптардың нормативтерін белгілеу туралы
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 21 қыркүйектегі № 291 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының у-6) тармақшасына және 15-бабының ж) тармақшасына сәйкес, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктердің қысқа мерзімді өтімділігін реттеу мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Екінші деңгейдегі банктерге банктің ішкі міндеттемелері үшін 1,5 пайыз мөлшерінде және банктің өзге міндеттемелері үшін 2,5 пайыз мөлшерінде ең төменгі резервтік талаптардың нормативтері белгіленсін. 2. Осы қаулы 2009 жылғы 3 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі. 3. Осы қаулы қабылданған күннен бастап осы қаулының 1- қосымшасында көрсетілген нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп танылсын. 4. Зерттеу және статистика департаменті (Қалиасқарова Т.Р.) осы қаулы қабылданған күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына, екінші деңгейдегі банктерге, «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігіне, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігіне жіберсін. 5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Д.Т. Ақышевқа жүктелсін.
Ұлттық Банкі Басқармасының 2008 жылғы 23 маусымдағы № 54 қаулысына 1-қосымша
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|