Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі орталық аппаратының регламентін бекіту туралы (2017.16.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 28 желтоқсандағы № 955 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы ІІМ орталық аппаратының басқару қызметін одан әрі жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі орталық аппаратының регламенті (бұдан әрі - Регламент) бекітілсін. 2. ІІМ комитеттерінің төрағалары, департаменттері мен дербес басқармаларының бастықтары жеке құрамның Регламентті зерделеуін және оны бұлжытпай орындауын қамтамасыз етсін. ҚР Ішкі істер министрлігінің 2014.24.04. № 237 бұйрығымен 2-1-тармақпен толықтырылды 2-1. Мәселелерді ведомствоаралық деңгейде пысықтауды қамтамасыз ете отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметіне тар ведомстволық сипаттағы хаттар жобасын дайындау практикасына тыйым салынсын. ҚР Ішкі істер министрлігінің 2014.24.04. № 237 бұйрығымен 2-2-тармақпен толықтырылды 2-2. Құпиялылық режим талаптарын ескере отырып, нормативтік құқықтық актілер жобаларын тек мемлекеттік органдардың Интранет-порталы арқылы келісу қамтамасыз етілсін. ҚР Ішкі істер министрлігінің 2014.24.04. № 237 бұйрығымен 2-3-тармақпен толықтырылды 2-3. Құқықтық статистиканың ресми статистикалық деректерін ішкі істер департаменттерінен қосымша сұрау салулар мен есеп берулерді қалыптастырусыз барынша пайдалану қамтамасыз етілсін. 3. Астана, Алматы қалаларының, облыстардың, көліктегі ішкі істер департаменттерінің, ІІМ білім беру ұйымдарының бастықтары Регламентті зерделеуді ұйымдастырсын және оның негізінде құзыреті шегінде бір ай мерзім ішінде өз аппараттарының регламентерін әзірлесін және бекітсін, оларды жеке құрамның қатаң сақтауын қамтамасыз етсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|